Азиада: қазақстандық керлингшілер алғашқы матчында жеңіліс тапты
04.02.2025 14:38
Фото:
ҚР ҰОК
2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында керлингтен аралас жұптар арасындағы жарыстар басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бағдарламада Қазақстан намысын Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев қорғады.
Біздің спортшылар топтық кезеңдегі алғашқы матчында Қытай құрамасымен кездесіп, сегіз эндтің қорытындысы бойынша 11:5 есебімен қарсыластарына жол берді.
Айта кетейік, Қазақстан B тобында өнер көрсетеді. Бұл топқа сондай-ақ Оңтүстік Корея, Қатар, Қырғызстан, Филиппин және Қытай командалары кірген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

