Азиада: Қазақстан қоржынында 26 медаль бар
30.09.2023 23:42
Фото:
Туризм және спорт министрлігі
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының 7-жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) Азия ойындарының жартылай финалына өтті. Ол Өзбекстаннан келген әлем чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевты мерзімінен бұрын жеңді.
Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) Бахрейн боксшысы Данис Латыповты 5:0 есебімен жеңіп, Азиаданың жартылай финалына сенімді түрде өтті.
Қазақстандық байдарка мен каноэде есушілер Азия ойындарының финалында бірден 5 түрлі сайыс бойынша бақ сынайды.
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ауғанстаннан озық шықты. Есеп-3: 0.
7-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 19 қола жүлде бар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

