ҚР ҰОК

Азиада: Қазақстан хоккейшілері жартылай финалға шықты

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Харбинде (Қытай) өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Гонконг командасын ірі есеппен жеңді – 24:0.

Осылайша, ұлттық құрама Азия ойындарының  жартылай финалына жолдама алды. Бұл кезеңнің матчтары 13 ақпанда өтеді.