Азиада-2025-ке қатысатын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар анықталды
06.01.2025 15:58
Фото:
ҚР ҰОК
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын спортшылардың құрамын анықтады. Бұл туралы Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдағы Азия ойындарында медаль үшін мына спортшылар бақ сынайды:
Ерлер арасындағы жекелей сырғанау: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, қосалқы құрамда – Рахат Бралин.
Әйелдер арасындағы жекелей сырғанау: Софья Самоделкина, Софья Фарафонова, қосалқы құрамда – Анна Левковец.
Мұз үстіндегі би: Гауһар Наурызова / Байсанғұр Датиев.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

