Жаңалықтар

Әжімнен қалай сақтану керек: ең пайдалы 10 өнім

Әжімнен қалай сақтану керек: ең пайдалы 10 өнім
Фото: 7дней.ru 20.12.2023 15:45 4226

Теріміздің балғындығын жоғалтпай, әжімнен сақтау үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Ол үшін төмендегі өнімдерді рационыңызға қоссаңыз жеткілікті.

1. Авокадо

Зерттеулер көрсеткендей, авокадо салмақты қалыпты ұстап тұруға көмектеіп, терімізге жағымды әсер етеді. Бұл өнімдегі лютеин мен зеаксантин теріні ультракүлгін сәулелерден сақтайды. Сол секілді көп қанықпаған май қышқылдарымен әрекеттесіп, теріге иілгіштік береді. Кейбір зерттеушілер авокадоның жараны тез жазатын қасиеті барын айтады. Бұл жемісте калий, натрий, магний, С, Е, К1, Б6 дәрумендері, ниацин, пантотен қышқылы, рибофлавин, холин бар. Оның пайдасы тек терімен шектелмейтінін ұмытпаңыз.

2. Қызыл балық

Жас келе адамда терісінің ылғалдылығы төмендей береді. Бұл оның қайтадан қалпына келуіне кедергі келтіреді. Олқылықтың орнын қызыл балық толтыра алады. Оның құрамындағы омега-3 мен омега-6 элителия мембранасының жасушасын нығайтады. Бұл ылғалды сақтап тұруға көмектеседі. Сонымен қатар, омега-3 мен омега-6 ультракүлгін сәулесінен жақсы қорғай алады. К

3. Қызанақ

Қызанақты тек жеңіл салат ретінде қарасақ, қателесеміз. Оның құрамындағы С дәрумені терінің шымырлылығына әсер етеді, яғни әжімге берілгіштігін жояды. Кей зерттеушілер қызанақтың да ультракүлгін сәуледен қорғайтын қасиетін жоққа шығармайды. Бұл көкөністің қызылдығына жауап беретін каротиноидты пигмент ликопиннің де УК-сәуледен сақтандыратыны белгілі.

4. Сәбіз

Сәбіздің теріге пайдасы оның бета-каротин қасиеттеріне байланысты. Бета-каротин теріні күн сәулесінен қорғайды. Безеу, экзема және бөртпе секілді тері ауруларын емдеуде көмекші рөл атқарады. Құрамындағы каротинның арқасында терідегі жаралар мен дақты емдеуге көмектеседі.

5. Жұмыртқа

Жұмыртқадан жасалатын маска бет терісін тазалайды, жұмсартады, нәрлендіреді және тартып тұрады. Сонымен қатар ең арзан, қолжетімді маска болып есептеледі. Өйткені сізге керегі жұмыртқа ғана. Жұмыртқаның ағы теріні тазалап, тартып тұратын болса, сарысында терінің сыртқы қабатын тереңнен тазалап, жұмсартып тұратын лецитин көп мөлшерде кездеседі. Сондай-ақ жұмыртқаның құрамындағы А, Д, В дәрумендері терінің жас қалпын сақтауға септігін тигізеді.

.6. Зәйтүн майы

Құрамындағы A, D, K және E дәрумендерінің арқасында бет терісіне ғана емес, шаш, тырнақ, бүкіл денеңізге жақсаңыз, теріңізді жібектей жұмсақ, тегіс етіп қалпына келтіреді. Бұл бет пен денеге арналған сабын және лосьондарды қоса алғанда, көптеген жеке күтімге арналған өнімдерінің құрамдас бөлігі. Дегенмен, теріңізге жағатын зәйтүн майының сапалы екеніне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, зәйтүн майы барлық тері түрлеріне сәйкес келмеуі мүмкін екенін ескереміз.

7. Көк шай

Бұл ыстық сусында қабынуға қарсы және антиконцерогенді қасиетке ие полифенол бар. Ол ультракүлгін сәуледен қорғап, тері рагының алдын алады.

8. Куркума

Куркуманы ерте заманда дәрі ретінде кеңінен қолданған. Оның құрамында антиоксиданттар мен қабынуға қарсы компоненттер бар. Ол жараларды, көгерулерді және басқа да тері ауруларын, соның ішінде шешек пен бөртпелерді емдеуге пайдаланылады. Куркуманы көп пайдаланған адамның терісі жастығын ұзақ уақыт сақтайды.

9. Киви

Кивидің құрамындағы С мен Е дәрумені токсиндерді шығарып, ультракүлгін сәуледен қорғайды. Яғни, терінің зақымданудан сақтап, балғындық береді.

10. Зімбір

Зімбір теріні рактан қорғайды, ағзадан еркін радикалдарды шығаруға көмектеседі. Безеуді, тері дақтарын емдеуде таптырмас олжа. Оның қабынуға қарсы емдік қасиеті бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға