Жаңалықтар

Қажетіңізге жарайтын қулықтар

Артық болмас білгенің...
24.03.2016 11:45 8788

Асүйде өзіңізді ханшайым сезініп, емін-еркін жүру үшін төменде жазылған пайдалы кеңестерді біле жүргеніңіз артық болмас.

* Торт құрғап, қатып қалмас үшін оның кесілген бөлігіне тіс  шұқитын таяқшамен нан тілімдерін «қадап» қойсаңыз болады. Бұл жағдайда торт емес, нан құрғайды.Қажетіңізге жарайтын қулықтар

* Сорпаның тұзы шектен тыс көп болып кеткен жағдайда мынадай қулық жасауға болады: дәкеге жарманы орап, оны сорпаға салыңыз. Сорпа қайнап жатқан кезде артық тұз жармаға сіңеді.

* Бауыр тым қатты болмасын десеңіз, оны пісуге аз қалғанда тұздаңыз.

* Бананның түп жағын скотчтап тастасаңыз, тез қараймайды.

Қажетіңізге жарайтын қулықтар

* Тәтті тоқаштың үстіңгі жағы күйіп бара жатса, үстіне сулы орамал жаба қойыңыз.

* Күріштің түсі әппақ маржандай болғанын қаласаңыз, оны қайнатқан кезде бірер тамшы сірке суын қосыңыз.

* Сарғайып бара жатқан аскөкті бірден тастай салмаңыз. Оны майдалап турап, зәйтүн майымен араластырып, мұзға арналған қалыпқа салып қойыңыз. Кейін салатқа қосқанда керек болады.

Қажетіңізге жарайтын қулықтар

* Үрмебұршақтың қараймағанын қаласаңыз, қайнатқан сәтте бетін жаппағаныңыз абзал.

* Сиыр етін пісірместен жарты сағат бұрын майонезбен маринадтасаңыз, жұп-жұмсақ болады.

* Қайнатылған жұмыртқаны тураған кезде сарыуызы қайта-қайта жабыса берсе, пышақты салқын суға жуып алыңыз.

* Құрғап қалған чипсы мен крекерді қысқатолқынды пешке салу арқылы қалпына келтіруге болады.

Қажетіңізге жарайтын қулықтар

* Сорпаның түсі мөп-мөлдір болсын десеңіз, оған аз-маз мұз салып, қайнағанша күтіңіз.

* Жұмыртқаны тоңазытқышқа салмас бұрын сыртына өсімдік майын жағыңыз. Сонда ол 3-4 апта бойы балғын күйін сақтайды.

Қажетіңізге жарайтын қулықтар

* Тартылған ет дәмдірек болуы үшін оған майдалап үгітілген пияз бен шикі картопты қосуға болады.

* Миндальді қайнаған суға 3 минутқа салып, одан соң, суық суға салған жағдайда оңай аршылады.

* Қаймақтан тамаша крем жасау үшін оған шикі ақуыз қосыңыз.

* Алма мен картопты бір жерде сақтаңыз. Алманың құрамындағы этилен картоптың бүршіктенуіне мүмкіндік бермейді.

Қажетіңізге жарайтын қулықтар

* Ұнтақталған кофеге бір шымшым тұз қосып жіберсеңіз, дәмі жақсарады.

* Еттің қабығы қытырлап тұруы үшін сыртына бал, анар шырыны немесе су қосылған коньяк жағу қажет.

* Майонез, зәйтүн майының қалдығы қалған ыдысқа аздаған сірке суын құйсаңыз, салатқа қосатын тамаша қоспа шығады.

* Ананасты басын төмен қаратып сақтаған жағдайда ол ертерек піседі. Бастысы, жапырақтарын жұлуды ұмытпаған жөн.

Қажетіңізге жарайтын қулықтар

* «Винегрет» салатына 1 ас қасық қайнаған сүт пен бір шымшым қант қоссаңыз, дәмді болады.

* Ет сорпасына жуылған банан қабығын қосқан жағдайда ет жұмсақ піседі.

* Сірке суы мен тұздың орнына лимон шырынын жиі қолдануға болады. Цитрус дәмі кез келген тағамға ерекше дәм береді. 


Әзірлеген - Жансая Төлеген

Деректер мына жерден алынды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға