Жаңалықтар

«Ажарым» ансамблі ұлттық өнерді жас ұрпақ арасында дәріптеуде

«Ажарым» ансамблі ұлттық өнерді жас ұрпақ арасында дәріптеуде
23.10.2019 15:42 2460

Ұлттық өнерді жас ұрпақ бойына дәріптеп жүрген Шығыс-Қазақстан облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» жанындағы «Ажарым» ансамблі есеп беру кешін өткізді.

«Ажарым» ансамблі ұлттық өнерді жас ұрпақ арасында дәріптеуде

«Ажарым» ансамблі 2005 жылдан бері өнер сүйер қауымды өнерімен тәнті етіп келеді. Ұжым қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеп-насихаттап, әр шығармашылық нөмірі шағын қойылым деңгейінде ұсынылады. Есеп беру кеш шымылдығы да «Беташар» деп аталатын шағын қойылыммен ашылды. Жаңа түскен келіннің бетін ашу, отқа май құйғызу, орамал тағу сияқты барлық салт-дәстүр жоралғыларын бір қойылымнан көрініс тапты.

«Ажарым» ансамблі ұлттық өнерді жас ұрпақ арасында дәріптеуде

Гүлзада Хамитова жетекшілік ететін шығармашылық ұжымда 30-дан аса өнерпаз бар. Олар ұлттық және заманауи әндер орындап, түрлі ұлт өкілдерінің билерін мың бұрала орындап шықты. Онымен қоса, ұлттық аспаптарда заманауи әуендерге попурри орындалады.

«Ажарым» ансамблі ұлттық өнерді жас ұрпақ арасында дәріптеуде

Кеште «Вайнах», «Еркетай», та,ы басқа шығармашылық ұжымдар «Ажарым» ансамблін сахналық номерлерімен құттықтады. Республикалық «Х-фактор» жобасының жеңімпазы, әнші Евгений Выблов арнайы концертке келіп, жиналған жұрттың қошеметіне бөленді.

«Ажарым» ансамблі ұлттық өнерді жас ұрпақ арасында дәріптеуде

Ансамбль құрылған жылдан бері түрлі облыстық, республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпазы ататнып жүр.

«Ажарым» ансамблі ұлттық өнерді жас ұрпақ арасында дәріптеуде

«Ажарым» ансамблі ұлттық өнерді жас ұрпақ арасында дәріптеуде

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға