Жаңалықтар

Жастар саясаты кеңесінің нашарқорлықпен күрес жөніндегі отырысы өтті

«Психикалық мінез-құлықтың бұзылуы» (ПМБ) диагнозымен 107 898 адам динамикалық бақылауда тұр
Жастар саясаты кеңесінің нашарқорлықпен күрес жөніндегі отырысы өтті
Фото: gov.kz 22.08.2022 19:00 1749

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің жиналысына қатысты. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен басқосуда сентитикалық есірткімен күрестің  негізгі аспектілері талқыланды.

Қазақстан жастары арасында синтетикалық ескерткінің таралу мәселелері және оның алдын алу шаралары туралы баяндамасында министр қолданылатын психикалық белсенді заттар бөлінісінде жаңа, «синтетикалық есірткілерге» тәуелді адамдар санының өсу үдерісі байқалатынына назар аударды.

Мәселен, соңғы бес жылда бұл контингент балалар мен ересектер арасында 14 есе өскен (2017 жылы 40 пациенттен 2022 жылғы 1 шілдеде 587 пациентке дейін).

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, психикалық белсенді заттарды пайдалану салдарынан «Психикалық мінез-құлықтың бұзылуы» (ПМБ) диагнозымен 107 898 адам динамикалық бақылауда тұр. Оның ішінде 6245-і - 18-ден 29 жасқа дейінгі жастар. Ал,  олардың  ішінде 46% -ы (2888) есірткі және психотроптық заттарды тұтыну салдарынан есепке алынған.

А.Ғиният негізінен 13-18 жас аралығындағы топта психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың клиникалық, әлеуметтік-эпидемиологиялық себептерін және оның таралуын айқындауды көздеген Қазақстан Республикасының жастары арасында есірткіні тұтыну бойынша ұлттық зерттеу (ESPAD) нәтижесі психикаға белсенді әсер ететін заңсыз заттардың оңай  қолжетімді екенін көрсеткенін және оған жастардың құмарлығы  барған сайын артып келе жатқанын атап өтті.

Егер  аталмыш жас тобын халық санына қарай қайта есептесек, 2021 жылы 18-ден 34 жасқа дейінгі 162 мыңнан астам адам жоғары тәуекел аймағында болды және  27 мың адам жаңа психикалық белсенді затқа тәуелді болды деп болжауға болады.

«2024 жылы «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының аясында алкоголь және есірткі бойынша еуропалық мектептегі зерттеу жобасының әдіснамасына сүйеніп, жастардың психикалық белсенді заттарды тұтынуы  жөнінде тағы бір зерттеуді жүргізу жоспарлануда»,  – деп  мәлімдеді министр.

Бұл проблемамен күрестің алдын алу шаралары аясында 2022 жылы Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы ДДСҰ-ның Еуропалық бюросымен бірлесе психикалық денсаулықты қорғау қызметінің бірыңғай байланыс орталығын (Call-орталығын) ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, 2022-2023 жылдарға арналған есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу шараларын жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық жол картасын іске асыру  аясында «Тәуелді адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтудың үш  кезеңдік бағдарламасы бар өңірлік ПДО бөлімшелерін ашу»  қарастырылған.

«Бүгінгі таңда республикада 166 жастардың денсаулық орталығы (ЖДО) белсенді жұмыс істейді. Олар жастардың  бойында салауатты өмір салтын ұстанудың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға және  оларға өз денсаулығын нығайтып,  зиянды әдеттерден арылуға  көмектеседі», – деп жалғастырды министр.

Алайда,  Ажар Ғиниятқызының  айтуынша,  нашақорлықпен күрестің алдын алу шараларының тиімділігін  және емдеу шараларының нәтижелілігін арттыру үшін бұл іске  түрлі қызметтерді (білім беру, әлеуметтік қызмет, құқық қорғау органдары т.б.), мемлекеттік органдар мен қоғамды араластыру керек.

Сондай-ақ ведомство басшысы  білім беру жүйесіне оқушылардың арасында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынуды ерте анықтауға бағытталған психологиялық тестілеу енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға