Жаңалықтар

Ажар Ғиният: Бұл тәжірибе бүкіл ел бойынша енгізіледі

ДДСҰ-ның Еуропалық аймағының үш елінде: Қазақстан, Испания және Швецияда демонстрациялық алаңдар ашылды.
Ажар Ғиният: Бұл тәжірибе бүкіл ел бойынша енгізіледі
Фото: дереккөз 13.10.2022 22:07 1012

"Медициналық-санитарлық алғашқы көмектегі инновациялар" халықаралық конгресінің ашылуында МСАК бойынша Алматы Декларациясының 44 жылдығын және МСАК бойынша Астана декларациясының 4 жылдығы өтті, деп хабарлайды EL.KZ.

Миистрлік мәліметіне қарағанда, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният аз шығындармен және медициналық көмекке қоғамдық қанағаттанушылықпен халық денсаулығының үздік көрсеткіштерін беретін МСАК жүйесінің рөлін атап өтті.

Бүгінде МСАК-ты отбасылық және аумақтық қызмет көрсету қағидатына негізделген көпсалалы команда ұсынады. Ауылда медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін ДДСҰ мақұлдаған "адамға бағдарланған тәсіл" МСАК озық тәжірибелерінің жобалары енгізілуде,-деді министр.

Ол пациенттерді қолдау қызметі, ақпараттандырылған қоғамдық бақылау және халыққа кері байланыс механизмі, жұқпалы емес ауруларды ерте анықтау, ауруларды басқару бағдарламалары, салауатты тамақтану, өмір салты, әмбебап прогрессивті оқыту сияқты озық тәжірибелерді атады.

Бүгін сіздерге Жамбыл облысының МСАК ұйымының үздік тәжірибелері таныстырылды. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аудандық емханасы ДДСҰ-ның Еуропалық аймағына мүше 53 мемлекет үшін МСАК бойынша демонстрациялық алаң болып танылғанын атап өткім келеді. ДДСҰ-ның Еуропалық аймағының үш елінде: Қазақстан, Испания және Швецияда демонстрациялық алаңдар ашылды. Бұл тәжірибе бүкіл ел бойынша енгізілетін болады, - деп атап өтті А.Ғиният.

Өз сөзінде денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әріптестеріне, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей және Қырғызстан әріптестеріне осы конференцияға қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға