Жаңалықтар

Ажар Ғиният зорлық көрген жедел жәрдем қызметкеріне қатысты пікір білдірді

Ажар Ғиният зорлық көрген жедел жәрдем қызметкеріне қатысты пікір білдірді
Фото: t.me/KZgovernment 27.01.2024 19:42 7729

Қарағандыда көпқабатты үйлерлің бірінің ауласында шақыруға келген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін белгісіз бір ер адам соққыға жыққан. Денсаулық сақтау министрі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел жәрдем жүргізушісі Мақажанов атындағы облыстық аурухананың неврология бөлімшесіне мидың шайқалуы, мұрын сүйегінің сынуы, қабырғаның жабық сынуы, көздің гематомасы диагнозымен емдеуге жатқызылды.

Бүгінгі таңда денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел жәрдем бригадасы түнгі 23-30-да дене қызуы көтерілген және қызылшаға күдігі бар балаға шақыртуға келді. Баланы стационарға тасымалдау үшін үйдің ауласына жедел жәрдем көлігі тұраққа қойылды, онда санитариялық автокөліктің жүргізушісіне өтіп бара жатқан таныс емес адамдар шабуыл жасалды. Өздеріңіз білетіндей, жедел медициналық жәрдем қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейді. Адамның өмірі мен денсаулығы олардың жедел әрекет етуіне байланысты. Бірақ азаматтар біздің фельдшерлер мен «103»жүргізушілерінің қандай қиын жағдайда жұмыс істейтінін әрдайым түсіне бермейді. Өкінішке орай, мұндай агрессия жағдайлары, жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасау жиі болады және олар заңмен қатаң түрде кінәлілерді жазалауды талап етеді, - деп жазды Ажар Ғиният.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының полиция департаментімен бірлесіп уақытылы әрекет етуінің арқасында шабуылдаушы азаматтың жеке басы анықталды.

Менің ойымша, медицина қызметкерлеріне, әсіресе жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты мұндай зорлық-зомбылық әрекеттеріне мүлдем жол берілмейді және құқық қорғау органдарының деңгейінде де, қоғамда да қатаң айыпталуы тиіс. Зардап шеккен жедел жәрдем жүргізушісінің тезірек сауығып кетуін тілеймін және барлық медициналық жұртшылықты осы оқиға бойынша тергеу менің жеке бақылауымда болатынына сендіремін, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үндістанның ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Нагендра Прасад мырзамен кездесу өткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға