Жаңалықтар

Ажар Ғиният ШҚО-дағы аудандық аурухананың жұмысын тексерді

Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі мәлім етті
Ажар Ғиният ШҚО-дағы аудандық аурухананың жұмысын тексерді
Фото: gov.kz 10.11.2022 09:00 1470

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде ШҚО Глубокое ауданының аудандық ауруханасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz

Ұйым құрылымында 16 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік пункт және 9 медициналық пункт жұмыс істейді. Глубокое аудандық ауруханасы терапиялық, гинекологиялық, травматологиялық, педиатриялық, хирургиялық, перзентхана бөлімшелерін, сондай-ақ жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесін қамтитын 115 төсекке есептелген.

Аурухана ұжымының саны 600-ге жуық адамды құрайды, оның ішінде 69 дәрігер, 298 орта медицина қызметкері, 110 кіші персонал. Дәрігерлердің орташа жалақысы 475 718,83 теңгені, орта медперсоналдың орташа жалақысы 253 808,08 теңгені, кіші персоналдың орташа жалақысы 123 536,0 теңгені құрайды.

Ажан Ғиният ауруханаға бару барысында аурухананың қабылдау бөлмесінде SOS жүйесі, шағын реанимация кабинетін жабдықтау көрсетілді.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы аурухананың перзентхана және реанимация бөлімшелерінің, тексеру кабинетінің жұмысымен танысып, балалар палаталарын қарап шықты.

Министр МСАК жұмысын негізгі және үйлестіруші буын ретінде күшейтуді, сондай-ақ созылмалы инфекциялық емес ауруларды уақтылы ерте анықтауға  көңіл бөлуді  ұсынды.

Сондай-ақ, Ажар Ғиният Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде Глубокое ауданының аудандық ауруханасының Прапорщиково ауылының дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысты.

Сапар барысында Ажар Ғиният дәрігерлік амбулаторияның жалпы жағдайымен танысты, сондай-ақ 2023 жылы Прапорщиково ауылында салынатын жаңа амбулатория ғимараты туралы хабардар болды.

Әрі қарай Ажар Ғиният Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде Глубокое аудандық ауруханасының базасында азаматтарды жеке қабылдады.

Ауыл тұрғындары Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына жедел жәрдем жұмысына, ауыл түлектеріне медициналық жоғары оқу орындарына түсу үшін гранттар бөлуге, медицина қызметкерлері жоқ елді мекендерде ФАП салуға қатысты бірқатар мәселелер бойынша жүгінді.

Глубокое ауылының тұрғыны, орфандық ауруы бар баланың анасы Министрге алғысын білдірді.

«Құрметті Ажар Ғиниятқызы, мен муковисцидозбен ауыратын баланың анасымын, біз жыл сайын жергілікті бюджеттің есебінен мамандандырылған емдік тамақ аламыз. Бізге осындай көмек көрсететіндердің барлығына алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер және балаларымызға азық - түлікпен қамтамасыз етуді жалғастыруды тілеймін», - деді ол кездесу барысында.

Білім беру гранттарын бөлу туралы сұраққа жауап бере отырып, министр мақсатты гранттар құруға мүдделі әкімдіктердің рөлін, осылайша түлектер оқу аяқталғаннан кейін осы облыста жұмысқа орналасатынын. атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға