gov.kz

Әзербайжан мен Қазақстан ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілуде

04.12.2023 22:02

Әзербайжан астанасы Бакуде Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бүгін министр бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Президенттің көмекшісі – Әзербайжан Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің басшысы Хикмет Гаджиевпен айрықша маңызды кездесу өтті.

«Президентіміз Әзербайжанмен қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Бұған мемлекет басшыларының өзара сапарлары дәлел бола алады. Серіктестік барлық сала бойынша жоғары деңгейде дамиды. Бұл тілдің, діннің, әдет-ғұрыптың және дәстүрдің ұқсастығына негізделген ортақ мәдени мұра мен туыстық байланыстарға байланысты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Физули қаласында Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығының құрылысы аяқталуда. Бұл Әзербайжан халқына достық пен өзара қолдауды білдіретін сыйлық. Оның екі халық арасындағы бауырластық қарым - қатынастың символына айналатынына сенімдімін»,
 - деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.

Министр Хикмет Гаджиевтің халықаралық медиафорум өткізу туралы бастамасын да қолдады.