Әзербайжан басшысы өз саясатының негізгі қағидаларын атады
III Шуша жаһандық медиафорумында сөз сөйлеген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өз саясатының негізгі қағидаларын атады. Олар - халқыңа әрқашан шындықты айту, объективті және адал болу, кез келген жағдайда халықаралық құқық қағидаттарын ұстану, деп хабарлайды Аzertag агенттігіне сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Әзербайжан басшысы өз сөзінде географиялық орналасуды тәуекелдерден қорғану құралы ретінде пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.
Әзербайжанға келер болсақ, елімізде ішкі қауіп-қатер көздері жоқ. Барлық ықтимал тәуекелдер біздің еліміздің сыртында қалыптасуы мүмкін. Сондықтан өзіңнің қызметіңе байланысты емес күтпеген қауіптерден сақтану үшін география маңызды рөл атқарды, – деді Ильхам Әлиев.
Ол сондай-ақ, Әзербайжанның табысты саясатының маңызды факторы ретінде елдің әрі еуропалық, әрі мұсылман елдерінің ұйымдарына мүше екенін атап өтті. Әзербайжан Еуропалық Одақ, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы және басқа да құрылымдар аясындағы саммиттерге белсенді қатысады.
Тағы бір маңызды мәселе – өз мүдделеріңді ескерген кезде көршіңнің мүддесіне де көзқараспен қарау қажет. Ұлттық мүдделерді қорғау – Әзербайжан саясатының негізгі қағидаты. Бірақ бұл қағидатты аймақтық немесе жаһандық контекстен шамадан тыс пайдалану дұрыс емес. Жағдайға әрдайым кеңірек қарауға тырысу керек, көршінің көзқарасы тұрғысынан жағдайды бағалау маңызды. Сонда көптеген мәселелер айқын болады және келіспеушіліктерді тиімді реттеуге болады, – деп толықтырды ол.
Еске салсақ, біз бұған дейін Әзербайжанның Ханкенди қаласында III Шуша жаһандық медиафорумы өтіп жатқанын жазық. Жиынға қазақстандық БАҚ та қатысуда.

