ҚазАТУ 65 жылдығын атап өтіп жатыр
Елорданың алғашқы жоғары оқу орны Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті өзінің 65 жылдығын атап өтіп жатыр, деп хабарлайды EL.KZ.
Тек үш факультеттен тұратын институттан С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ тек солтүстік аймақтың ғана емес, бүкіл елдің ғылыми-зерттеу университетіне, ғылыми-білім беру орталығына айналды.
Әр жылдары университет атауын өзгертті, бірақ оның негізгі мақсаты – экономиканың аграрлық секторы үшін жоғары білікті кадрларды даярлау миссиясы өзгеріссіз қалды. Қазір мұндағы 8 факультетте 12 мыңға жуық студент білім алып жатыр.
БАҚ өкілдерін мерейтойлық іс-шараларға және Ардагерлер аллеясының ашылуына қатысты. Гандельман атындағы үлкен конференц-залда университет туралы деректі бейнефильмнің таныстырылымы өтті.
6 қазан күні сағат 10.00-де оффлайн және онлайн режимінде "ХХІ ғасыр ғылымы - трансформация дәуірі" тақырыбында Сейфуллин оқулары халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Қазақстандық университеттер, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің ғалымдары конференцияға қатысатынын растады.