Жаңалықтар

«Азаттық» радиосының тілшілерін неге аккредиттеуден бас тартты? Әшімбаев жауап берді

«Азаттық» радиосының тілшілерін неге аккредиттеуден бас тартты? Әшімбаев жауап берді
Фото: parlam.kz 01.02.2024 13:08 1059

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев кулуарда Сыртқы істер министрлігінің «Азаттық» радиосын аккредиттеуді ұзартудан бас тартуына қатысты журналистердің қойған сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен Әшімбаев сөзді дұрыс түсінуге шақырып, әртүрлі бұрмалаушылық болмау үшін бұл мәселенің басын ашып алу керектігін айтты.

Азаттық радиосының кейбір журналистеріне аккредитация берілмеу мәселесіне байланысты Сыртқы істер министрлігінің нақты ұстанымы бар. Олар аккредиттеуден өткізбеді. Өйткені Сыртқы істер министрлігінің шешімі редакция мен журналистерінің Қазақстан заңнамасын бұзуына байланысты болып отыр. Мәселен егер БАҚ заңды, қандай да бір тәртіпсіздіктерді, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әрекеттерді өзгертуге шақырса, біздің еліміздің заңына сәйкес жауапқа тартылуы керек, – деді Сенат төрағасы.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев сөз бостандығы қағидаты еліміздің заңын өрескел бұзуға негіз бола алмайтынын тілге тиек етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Азаттық» радиосының өкілдігі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына журналистерге аккредитация бермеу мәселесіне қатысты шағым түсірген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға