Жаңалықтар

Азаптау жағдайы бойынша құқық қорғау саласының 17 қызметкеріне үкім шықты

Азаптау жағдайы бойынша құқық қорғау саласының 17 қызметкеріне үкім шықты
24.06.2023 09:48 1019
2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан бойынша қылмыс деңгейі 17%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Прокуратураның үйлестіруімен аймақтардағы қылмыстық жағдайға нақты әсер еткен 10 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген.Сонымен қатар бірлескен шаралар нәтижесінде синтетикалық есірткі өндіретін 30 зертхана жойылғаны мәлім болды.
 
Қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау барысында прокурорлар 512 адамды негізсіз күдіктен қорғаған көрінеді. Мұндай деректер 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысында баяндалды. 
 
Прокурорлар 20 адамға қатысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға жол бермеді және заңсыз ақтау үкімдерінің күшін жоюға қол жеткізді, - деп атап өтті қадағалау органы.
 
Ведомствоның мәліметінше, азаптау деректері бойынша күштік органдардың 35 қызметкеріне қатысты істер сотқа жіберіліп отыр. Тағы 17 адамға сот үкімі шықты. Сондай-ақ, қадағалау және ден қою актілері бойынша мемлекетке 10 млрд теңге өтелді, 37 млрд теңге сомасына мүлік, 400 мың гектар жер қайтарылған. 
 
Бас прокуратураның бастамасы бойынша 5 министрліктің 9 бұйрығы жойылды, олар 2 мыңға жуық кәсіпкерді заңсыз тексеруді көздеген.
5,3 мың тыйым салу және шектеу шаралары, 560 млн теңгеден астам сомаға 2,3 мың әкімшілік айыппұл жойылды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға