ТЖМ

«Азаматтық қорғау туралы» жаңа заң аясында 600-ден астам өзгеріс енгізілді

2025 жыл заң шығару тұрғысынан да маңызды кезең болды. «Азаматтық қорғау туралы» жаңа заң 10 кодекс пен 37 заңға 600-ден астам өзгеріс енгізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл бүкіл жүйені жаңғыртуға бағытталған орасан жұмыс.

Енді ТЖ министрлігіне біршама өкілеттіктер берілді, қызмет өткеру шарттары жақсартылды, алдын алу және ден қою жаңа механизмдері енгізілуде. Нақты айтқанда азаматтық қорғаудың жаңа философиясы қалыптасуда, мұнда басты назар апаттың салдарын жоюға емес, оның алдын алуға аударылған.