Жаңалықтар

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» басқарма төрағасы тағайындалды

Ол еңбек жолын 2002 жылы Сот сараптамасы орталығының бас экономисі ретінде бастаған
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» басқарма төрағасы тағайындалды
Фото: Gov.kz 04.08.2022 11:25 1151

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ғалым Құрман «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz министрлікке сілтеме жасап.

Ғалым Полатұлы Құрман 1981 жылдың қазанында Түркістан облысында дүниеге келген. Ол 2002 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және 2005 жылы халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін тәмамдады.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының бухгалтерлік есеп қызметінің бас экономисі ретінде бастады.

Әр жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бас маман, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас сарапшысы, Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімінің орынбасары, Астана және Шымкент қалаларындағы Тексеру комиссиясының мүшесі, «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2016 жылдан бері «мемлекеттік аудитор» біліктілігіне ие.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, ІІІ дәрежелі «Қаржы сақшысы» төс белгісімен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға