Жаңалықтар

Азаматтарды әскерге тіркеудің жаңа форматы енгізіледі

Азаматтарды әскерге тіркеудің жаңа форматы енгізіледі
Фото: Қорғаныс министрлігі 18.08.2023 18:50 1506

Қорғаныс ведомствосының бұл жобасы «Электрондық үкімет» порталы және еGov мобильдік қосымшасы арқылы халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет Қорғаныс министрлігінің 2024 жылы азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді автоматты түрде жүргізу туралы бастамасын қолдады. 

Тіркеу азаматтарды әскери есепке алу, олардың саны мен әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау мақсатында жүзеге асырылады. Егер бұрын бұл деректер аудандар мен қалалардың қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінде өткізілетін шаралар барысында анықталса, енді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің (АЖ) интеграциялық өзара іс-қимыл деңгейі 17 жастағы жастарды олардың тікелей қатысуынсыз әскери есепке алуға мүмкіндік береді.

Жастардың денсаулық жағдайы туралы мәліметтер халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ақпараттық жүйелерінен алынатын болады. 

2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 2007 жылы туған Қазақстан азаматтары тіркелуге жатады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл 17 жастағы шамамен 120 000 баланы құрайды. 

Қызметтің белсенді түрде шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу үшін жыл сайын жергілікті атқарушы органдар бөлетін миллиард теңгеден асатын бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Бұл медициналық комиссия мүшелеріне еңбекақы төлеу, шалғайдағы ауылдық округтерден жастарды жеткізу шығындары, кеңсе тауарлары және басқа да қажеттіліктердің орнын жабады.

 Қызметті автоматтандыру сол сияқты шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәліктерді алу қажеттігін де жояды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға