Азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау күшейтіледі
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында әділет министрі Азамат Есқараев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері туралы заң жобасының бірінші блогында азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту көзделген.
Онда мына шаралар қарастырылған:
- азаматтарды қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартуды болдырмау;
- бұзушылықтарды және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толықтығын қамтамасыз ету үшін істі «пысықтауға» прокурорға қайтару мүмкіндігін болдырмау;
- кәсіпкерлік субъектілерін ревизиялау және тексеру ісін жүргізуді прокурормен міндетті түрде келісуді белгілеу;
- тінту, жеке тінту және алуды жүзеге асыру бойынша санкцияның 10 күндік мерзімін белгілеу;
- бұрын «қорғалуға құқығы бар куә» ретінде болған адамның айғақтарын дәлел ретінде пайдалануға тыйым салу;
- адамдардың өліміне байланысты емес аса ауыр қылмыстардың жекелеген түрлері бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу мүмкіндігін беру;
- қорғалуға құқығы бар куәні сараптамаға бастамашылық жасауға құқығы бар адамдар шеңберіне біріктіру;
- жазаның мөлшерлес болуын, сондай-ақ бас бостандығынан айырудың баламасын қамтамасыз ету мақсатында кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша еселенген айыппұлдарды енгізу.