Жаңалықтар

ҚазАльянс Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап шаралар өткізуде

Жастар бірлестігі
15.07.2016 11:43 3696

«ҚазАльянс» Қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған шараларға бастамшы болды.

«ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігі мамыр айында Еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ең үздік эмблемаға байқау жариялаған болатын.  Ұйымдастырушылар эмблема Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналуы тиіс, екіншіден, көрген жанға бірден түсінікті болатындай тәуелсіздік айшықтары айқын бейнеленсе, сонымен қатар эмблеманың өн-бойы жаңашылдық пен кретивке толы болуы тиіс деген талап қойды. Жеңімпазға тағайындалған сыйақының құны 100 мың теңгені құрады.

«ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігі 2016 жылдың маусым айында  дүниежүзінің халықаралық астанасы – Женева қаласында «Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне» өтінімі бойынша дөңгелек үстел форматында пікірталас өткізді.

 ҚазАльянс Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап шаралар өткізуде

Жиын барасында  ағылшын тілінде жарық көрген «Summer Evening, PrairieNight, LandofGoldenWheat: TheOutsideWorldinKazakhstanLiterature» атты қазақ мәдениетінің үлесі мен бүгінгі заман көшпенділерінің дамуы туралы сыр шертетін кітаптың тұсау кесері өтті. Пікір алмасу  нәтижесінде  бойынша xалықаралық сарапшылар БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігі уақытына Қазақстан ұсынған азық-түлік, су, энергетика және ядролық қауіпсіздік жөніндегі саясаттың маңыздылығын атап өтті.

ҚазАльянс Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап шаралар өткізуде 

«Сыртқы саясат саласындағы тәжірибесін ескеретін болсақ, Қазақстанның өз мақсаттарына жету үшін барлық мүмкіндігі бар; Қазақстан барлық континенттерде бейбітшілік пен өркендеуді сақтау мақсатында дұрыс саясатты ұстанады деп есептейміз», – дейді Геосаяси Зерттеулер Орталығының директоры, профессор Йаxия Зубир.

«ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігі «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы аясында құрылған дүниежүзіндегі барша қазақстандық студенттерінің басын қосқан ұйым екенін еске сала кетейік. Бірлестіктің басты мақсаты – шетелдегі қазақстандықтар күшін қазақстанның мемлекеттігін, тәуелсіздігі мен егемендігін нығайту, Қазақстанда құқықтық мемлекетті қалыптастыру және адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету ісіне жұмылдыру, шетелдегі қазақстандықтарды жалпы ұлттық және халықаралық құқықтық, гуманитарлық және басқа да жобалар мен бағдарламаларға қатыстыру  болып табылады. Бірлестік өз мақсаттарын жүзеге асыру бағытында кеңес-білім беріп, ақпараттық бағдарламаларды дайындау және жүзеге асырады.  Жастарды дамыту саласында инновациялық бағдарламаларды, жобалар мен технологияларды құрып, қолдау көрсетеді.

БАҚ арқылы Бірлестіктің дамуы үшін қажетті медиа өнімдерді дайындау және тарату секілді жұмыстарды атқарып келеді.


Тұмар АСЫЛ

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға