Жаңалықтар

Қазақтың басына түскен ядролық сынақ қасіретін жапон елі де басынан өткерген – аудармашы

Аудармашы Масуджима Шигенобу «Қасірет пен тағдыр» кітабын жапон тіліне аударып жатыр
Қазақтың басына түскен ядролық сынақ қасіретін жапон елі де басынан өткерген – аудармашы
Фото: qalamger.kz 18.08.2022 17:01 2727

Аудармашы Масуджима Шигенобу «Қасірет пен тағдыр» кітабын жапон тіліне аударып жатыр, – деп хабарлайды El.kz

– Мен қазақтың жазушысы Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» кітабын жапон тіліне аударып жатырмын. Роман мені таңырқатты, тіпті көзіңе жас әкелетін тұстары да кездесті, жұмыс үстінде үлкен әсерде қалдым. Қазақстанның тәуелсіздік алғанға дейінгі және күні бүгінге дейінгі тарихын толықтай бейнелейді, әрі мұнда қазақтың салт-дәстүрлерімен де танысамыз. Қазақтың басына түскен ядролық сынақ қасіретін 1945 жылы жапон елі де басынан өткерген. Жапон халқына жасалған үлкен қастандықтың зардабы орасан болғанын күллі әлем біледі, – деді ол.

Масуджима Шигенобу атағандай, «Қасірет пен тағдырда» атом ядросы қазақтың киелі жерінде қырық жылдан астам уақыт сыналып, қарапайым халық радиация зардабын тартып келгені туралы жазылған.

– Бұл ретте, жапон мен қазақ тағдыры ұқсас. Қазіргі жапон халқы қазақ тарихын, Абай елі туралы біле бермейді. Бірақ бұл кітап жапон елінде жарыққа шыққаннан кейін оқырманды қызықтыра алады деп ойлаймын. Себебі жапон халқының кітап оқуға қызығушылығы жоғары. Ядролық сынақ трагедиясы екі елді жақындастыратыны сөзсіз. Жазушы Сәуле Досжанды қолдай отырып, зор шығармашылық табыс тілеймін, – деді Масуджима Шигенобу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға