Жаңалықтар

Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің жаңашылдығы

Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің жаңашылдығы
11.11.2015 11:23 10190

Ою-өрнек қолөнеріне семиотикалық анализ жасау дәстүрлі өрнектердің жаңа аспектілерін ашады. Бұл әдісте өрнек ою өнері белгілі бір этностың аясында емес, тұтас, бөлінбейтін, өзіндік заңдылықтары, тілі, әдістері бар мәдениеттің генезисі кеңістігінде қарастырамыз. Бүгінгі кезде өнердің бұл түрі бұқаралық өндірісте брендтерге, бизнес-компаниялардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың брендтік композицияларына әсер ететін құралға айналып отыр.

Дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында ұлттық ою-өрнектерді архитектура, киім дизайнінде, зергерлік бұйымдар, ыдыстар жасауда қолдана отырып әлемдік бренд жасалынады. Бұл брендтік сипат өрнектердің белгілі типіне сүйенеді, қазіргі таңда олар геометриялық символдар. Белгілер жүйесі ретінде ою-өрнектік композициялар әмбебап геометриялық өрнектер арқылы ұйым немесе компанияның міндеттері мен құндылықтарын көрсетеді. Міндеттері сөзбен қатар логотип – графикалық символдармен бейнеленеді. Бұл жердегі маңызды мәселе дәстүрлі ою-өрнек құрылымынан графикалық белгілерге ауысу технологиясы. Объекттің міндеттерін көрсетудегі белгілердің құрылымын жасау. Дәстүрлі мәдениеттерді қарастыра отырып, бір-біріне ұқсамайтын, байланысы жоқ мәдениеттерден бірдей өрнек элементтерін кездестіруге болады. Мысалы свастика – көптеген мәдениеттерде солярлы белгі(жарық, өмір, молшылық символы). Осындай ортақ мультимәдени элементтерді қарастыра отырып, ою-өрнектік символдардың орнына транскорпорациялардың тауарлық символдары мен логотиптері келген қазіргі ғаламдық мәдениеттің базисін анықтауға мүмкіндік береді. Трансформациялану әсерінен олар өздерінің сакралды мәнін жоғалтты, бірақ адамдарға бұрынғыдай әсер етеді. Сондықтан дәстүрлі ою-өрнек бүгінгі ғаламдық мәдениетке негізделген белгілер мен логотиптердің бастауы болды. Бұл мәдениеттің тұтынушысы белгілерді оңай түсінеді, ал бұл жаппай бәсекелестік болып жатқан кезде өте маңызды.

Қазіргі таңда дәстүрлі ою-өрнектеріміз ең алдымен рәміздерімізде көрініс тауып отыр. Қазақстан Республикасының мемлекетік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.01.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеті елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Ол - гербтiң жүрегi. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар - дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол - өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары - Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.01.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста - ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы - суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде - көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн - қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн - уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Елімізде ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен әшекейленген бұйымдар жасайтын жаңа кәсіпорындар ашылуда. Қолөнершілер жаңа «араласөрнек» – бірнеше өрнекті біріктіру арқылы жаңа сюжеттер жасайды. «Композиция» сөзін латын тілінен аударғанда орналасу деген мағынаны білдіреді. Ою–өрнектердің де дұрыс орналасуы өте маңызды. Мысалы кесеге өрнек салатын болсақ, ол үлкен де, тым кішкентай да болмауы керек, кесенің көлеміне сәйкес салынуы қажет. Қазіргі таңда кең қолданылатын өрнек «мүйіз» оюы. Шеберлер ою–өрнектерді заман талабына қарай сала отырып, ескі заттарды реставрациялауда тек эстетикалық мақсатта ғана емес, сонымен қатар утилитарлық (сапасының жақсы болуы, практикада қолдану сапасы) жағын да қарастырады.

Сондай компаниялардың бірі «Empire». Empire компаниясы 2006 жылы құрылды және қазақстандық ұлттық сувенирлер мен көрнекті сыйлықтар рыногындағы жаңашыл компания болып табылады. Барлық туындыларды Empire компаниясының дизайнерлері қазақ аңыздары мен хикаяларының, көне қазбалардың, классиктердің суреттерінің және жаңашыл суретшілердің жұмыстарының мақамдарымен жасайды, сонымен бір мезгілде тарихи фактілер, мұражай экспонаттары, артефактар мұқият зерттеліп, халық дәстүрі, ұлттық аңыздар, эпостар және көпшпенді халықтың тұрмысы зерделенеді. «Эмпайр» табысының құпияларының бірі өндіретін өнімдерінің жоғары сапасы және технологиялардың егжей-тегжейіне назар аудару, өндіріс нюанстарын зерделеу, әрбір коллекция үшін материалдар мен өндіруші елді мұқият іріктеп алу болып табылады. «Эмпайр» компаниясы – қазақстандық жетекші өндіруші және ұлттық сувенирлер мен сыйлықтар жеткізуші. Алғашқы ұлттық «Эмпайр» сувенирі пайда болған сәттен бері 9 жыл уақыт өтті, бүгінгі таңда компания бұйымдары әрбір үшінші қазақстандықтың үйінде бар. «Эмпайр» сувенирлері мен сыйлықтары біздің ұлан-байтақ планетамыздың түкпір-түкпіріне жетіп, шетелдік қонақтарға мейірімді, жомарт және шұғылалы Қазақстан туралы жылы сезімдер беруде.

Бүгінгі «Эмпайр» - бұл:

- тек ұлттық сувенирлер ғана емес, жоғары сапалы сыйлықтар, бизнес-аксессуарлар.

- айрықша сыйлық, жоғары талғам синонимі.

- Қазақстанның халықаралық аренадағы визиттік карточкасы.

- ұлттық және мәдени дәстүрлердің қайнар бұлағы.

«Эмпайр» компаниясының сувенирлері уақыт әлеміне ғажайып саяхат жасау сезімін сыйлайды. Шеберлер қолынан шыққан әрбір коллекция қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін және тарихын бейнелейді. Бұл өнер туындыларының кез келгені ғажайып оқиғалар туралы әңгімелей алады. Бұл таң қаларлық емес, себебі компанияның суретшілері оларды тарихи фактілерді жан-жақты зерттеулер, мұражайлық экспонаттар және артефактар, халық эпостарын, аңыздарын және көшпенді халық тұрмысының егжей-тегжейін мұқият зерделеулер негізінде жасайды. «Эмпайр» табысының құпияларының бірі өндіретін өнімдерінің жоғары сапасы және технологиялардың егжей-тегжейіне назар аудару, әрбір коллекция үшін материалдар мен өндіруші елді мұқият іріктеп алу болып табылады. «Эмпайр» компаниясының өнімдері Қазақстанда дүниеге келген, бірақ Италияның, Швейцарияның, Германияның және Қытайдың ең үздік мануфактуралары мен фабрикаларында жасалған. Осының барлығы компанияның корпоративтік клиенттердің де, жеке клиенттердің де арасында сенімді серіктес ретінде мүлтіксіз беделге ие болуына көмектескен. «Эмпайр» компаниясы – қазақстандық жетекші өндіруші және ұлттық сувенирлер мен сыйлықтар жеткізуші. Алғашқы ұлттық «Эмпайр» сувенирі пайда болған сәттен бері 9 жыл уақыт өтті, бүгінгі таңда компания бұйымдары әрбір үшінші қазақстандықтың үйінде бар. «Эмпайр» сувенирлері мен сыйлықтары біздің ұлан-байтақ планетамыздың түкпір-түкпіріне жетіп, шетелдік қонақтарға мейірімді, жомарт және шұғылалы Қазақстан туралы жылы сезімдер беруде.

«Эмпайр» компаниясының тармақталған фирмалық дүкендер желісі бар – олар Қазақстанның барлық ірі қалаларын қамтыған. Тек Алматы қаласының өзінде ғана компанияның 11 сату нүктесі ірі сауда орталықтарында орналасқан, оларда әр адам кез келген талғамды қанағаттандыратын сыйлық сатып ала алады.

Ұлттық дәстүр қазіргі заманғы стильдендірілген киімдерде де сақталған. Дәстүрлі ою-өрнектің мотивтерін киім тігуде қолдануды ең алғашқы рет 1970-1980 жылдары КазССР модельдер үйінің көркемдік жетекшісі Ирина Александровна Доброхотова-Майкова ұсынған. Дизайнерлер өздерінің коллекцияларында өзгеше концепциялар ұсынады. Ою-өрнектерді костюмнің декоративті элементі ретінде емес, тұтастай мүсін бойына салып, киімнің негізі болады. Сондықтан өрнектердің адам денесіне қатысты көлемі де өзгеріп отырады. Қалыптасқан формаларға жаңашылдық енгізу үшін дизайнерлер қосымша бұйымдар пайдаланады.

Енді дамып келе жатқан тағы бір кәсіпорын – «Adili». Adili – ұлттық оюмен өрнектелген аксессуарлар шығаратын қазақстандық бренд. Әрбір бұйым қайталанбас авторлық дизайнмен жасалынады. Басты дизайнер – Әсел Әділ. Сөмке, белбеулер теріден жасалып, өрнектер лазермен салынады. Компанияның негізгі идеясы – күнделікті өмірге ұлттық сипат беру.

Этно-мотивтер қазақстандық дизайнерлерге әлемдік fashion-индустрияда өзіндік ерекшелік береді. Этникалық, аймақтық трендтер арқылы көпшіліктің қызығушылығын ояту әлемге танылуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда этностиль, этнодизайн жасауда ғылыми-техникалық жетістіктер, технология мен материалдар қолданылады

Қазіргі таңда ою-өрнектің композициялар аясын кеңейтіп, тек киім емес, сөмке, белбеу, бас киім, аяқ киімдерді де ұлттық нақышта безендіру кең өріс алып келеді. Сондай этно-мотивтерді шығармашылығында кеңінен қолданып жүрген «Сымбат» сән академиясының арт – директоры Балнұр Асанова. «Сымбат» сән академиясы – қазақстандық және әлемдік жоғарғы деңгейдегі сән арасындағы көпір іспеттес болған, қазақтың ұлттық киімін соны туындылары арқылы төрткүл дүниеге паш етіп жүрген бірден бір холдинг болып саналады. Ол өзінің өнімдерін безендіретін Шығыстық, сондай-ақ қазақы нақыштағы ою-өрнектерімен Ресей, Еуропа және т.б. сәнгерлерін таңқалдырып, өзіндік бет-бейне қалыптастыра білді. Жыл сайын олардың 2 мыңнан астам түрлерін рынокқа шығарады. Кәсіпорын өнімділігі жоғары автоматтандырылған технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған. “Қаратау”, “Отырар”, “Гауһар”, “Алатау”, “Той”, “Алтын шұға”, “Астана” сияқты аса сәнді ұлттық киім үлгілерінің көрсетілімі жұртшылық тарапынан жоғары бағаланды.

Самидэль Қазақстан сән әлеміндегі жаңа есім. Идея мен бейнелер дизайнері Динара Абдуллина. Бұл сән үйі киімдері этникалық стиль мен соңғы заман үлгілерін біріктіре білген. Негізгі мақсаты қазақ мәдениетін қайтадан жаңғыртып, барлық әлемге ұлттық ою-өрнекті таныту.

Дәстүрлі ою-өрнек түрлері тек киім дизайнын немесе бұйымдарды әшекейлеуде ғана емес, сонымен қатар үй интерьерінде де қолданылып отыр. Интерьерде қолданылатын этно-стиль негізгі үш қағидаға сүйенеді – қарапайымдылық, шынайылық және тарихи құндылықтарға жақын болу. Этно мотивтермен безендірілген үй тарихты еске түсіруі керек. Мұндай интерьер жасау өте үнемді тәсіл. Себебі ата – әжелерімізден қалған жиһаздарды, құралдарды, тұрмыстағы заттарды пайдалануға болады.


Айжан ЕСЕНАЛИНА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға