Аза тұту күніне байланысты еліміздің бас байрағы төмен түсірілді
12.06.2023 08:18
Фото:
Әкімдіктің баспасөз қызметі
Елордадағы бас мемлекеттік ту Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты төмен түсірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР заңына сәйкес 12 маусым күні сағат 00:00-ден бастап барлық мемлекеттік және әкімшілік ғимараттардағы тулар ту бағанының биіктігінің жартысына дейін түсірілуі қажет. Сондай-ақ бүкіл ел бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады.
Еліміздің ең үлкен туы Астананың орталығындағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешені аумағында орналасқан.
Байрақтың көлемі – 450 шаршы метр. Салмағы 100 келіге жетеді. Ені – 15 метр. Ұзындығы – 30 метр.
Қазақстанның бас байрағы жай күндері 111 метр биіктікке дейін көтеріледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

