Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
– Сіз біздің елге өте ерекше кезеңде келіп отырсыз. Қазақстанның Мажарстанға және Өзіңізге деген ілтипаты зор. Сіз – өзіндік ұстанымыңыз бар Еуропа саясаткерісіз, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Виктор Орбан тыныштық пен тұрақтылық жағдайында жүзеге асырылған Қазақстандағы билік сабақтастығына жоғары баға берді.
– Сіз осындай күрделі үдерісті тұрақтылық жағдайында іске асырдыңыз. Мұны жүзеге асыру оңай емес. Адамдар үшін тұрақтылықтың маңызы зор. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты арта түседі. Сондықтан, мен Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Біз Сізді Мажарстанның нағыз досы санаймыз. Сондықтан, біздің елге шақыруымды қабыл алсаңыз, біз үшін зор мәртебе болар еді, – деді Мажарстанның Премьер-Министрі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі