Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
13.05.2019 00:00
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «Астана» халықаралық қаржы орталығының қазіргі қызметі және алдағы жоспары туралы мәлімделді.
Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
– «Астана» халықаралық қаржы орталығы – ең ауқымды әрі маңызды жобалардың бірі. Оған зор үміт артып отырмыз. Бұл құрылым Қазақстанның ғана емес, бүкіл өңірдің қаржы орталығына айналады. «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемнің басқа қаржы орталықтары сияқты дамитын болады. Осы бастаманың табысты болғанын қалаймын, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

