Жаңалықтар

Қазақстанның солтүстігінде күн күрт суытады

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді
Қазақстанның солтүстігінде күн күрт суытады
Фото: pixabay.com 02.09.2022 14:45 1683

Алдағы күндері Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерінде күн күрт суытады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Жаңбыр бұлттары мен жаңа ауа массалары циклон ішіне қарай ойыса түседі. Елдің оңтүстік жартысында әлсіз циклон салдарынан күн құрғақ және ыстық болады», - делінген хабарламада.

Ауа температурасы:

батыста түнде +10+18 градустан+8+16°С-қа дейін, күндіз +23+31 градустан +17+25°С-қа,

солтүстік-батыста түнде +15+23 градустан 10+18°С-қа дейін, күндіз +27+35-тен +21+28 °С-қа дейін,

елдің солтүстігінде +15+23 градустан 8+16 °С-қа дейін, күндіз +25+35-тен +17+25°С-қа дейін,

республиканың орталығында негізгі фон түнде +10+22°С, күндіз +30+38°С-қа төмендеуі ықтимал.

Еліміздің шығысында түнде +4+15 градустан +10+18°С-қа дейін, күндіз +22+27 градустан +30+38°С-қа дейін температура көтерілуі мүмкін.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде +15+25°С, күндіз +30+40°С болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға