Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5% артты

Тауарлар экспорты 3 733,9 млн АҚШ доллары (0,2% аз), импорт - 8 837,9 млн. АҚШ доллары (7,3% көп) құрады
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5% артты
Фото: gov.kz 12.08.2022 18:13 1517

2022 жылғы қаңтар-маусымдағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 571,8 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% көбейді, деп хабарлайды El.kz Статистика комитетіне сілтеме жасап.

2022 жылғы қаңтар-маусымдағы тауарлар экспорты 3 733,9 млн АҚШ доллары (0,2% аз), импорт - 8 837,9 млн. АҚШ доллары (7,3% көп) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,6%, бұдан әрі Қырғызстан Республикасына – 3,9%, Беларусь Республикасына – 3,4%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.

ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жасанды корунд (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді) бойынша 2,9 есе өсім байқалды. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кені мен концентраты бойынша төмендеу байқалады (62,8% аз).

Импортта ұнтақталған және ұнтақталмаған күнбағыс тұқымдары бойынша өсім байқалады – 12,4 есе. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша төмендеу байқалады (61,1 % аз).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға