Қазақстанның ең таза және ең ластанған қалалары белгілі болды
Қазақстанның ең таза және ең ластанған қалалары белгілі болды
"Время" басылымы РМК Қазгидрометтің 2013 жылғы деректері негізінде Орал қаласын ауасы ең таза, ал Алматыны ауасы ең лас қала деп жариялады.


Республикалық кәсіпорынның ақпараты бойынша Оралдың атмосфералық ауасының ластану индексі нөлге тең. Ал Алматыда индекс 11,5 көрсеткішінде тұр. Басылым жариялаған инфографикаға жүгінсек, Екібастұз(1,8), Қостанай(2,0), Павлодар(2,4), Астана және Балхаш(2,9) еліміздің таза қалалар қатарына кірді.

Атмосфералық ауаның ластану индексі Алматымен қатар Шымкент (8,6), Өскемен (7,6), Қарағанды (7,0), Теміртау (6,9) және Жезқазған (6,5) қалаларында қалыпты межеден жоғары екендігі көрсетілген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

