Жаңалықтар

Қазақстанның ақпараттық кеңістігін қорғаудың өзекті мәселелері

Ақпараттық қоғам түсінігі
22.06.2016 11:41 8712

АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ТҮСІНІГІ


 

Еліміз серпінді дамуы барысында өркендеудің жаңа сатысы-ақпараттық кезеңге аяқ басуда. Интернет, жедел байланыс сияқты коммуникацияның жаңа құралдары  әлемдегі дерек көздері мен базаларын жаппай пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Ақпарат өндірістік фактор ғана емес, қоғамды демократияландырудың, билік құрылымдары ашықтығының негізгі құралдарының біріне айналуда.

Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықта біртұтас ақпараттық кеңістік терминінің ортақ түсінігі қалыптасты. Біртұтас ақпараттық кеңістік деректер базалары мен банктерінің, оларды енгізу және пайдалану технологияларының, азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық өзара байланысын және олардың ақпараттық сұраныстарын қамтамасыз ететін біртұтас қағидаттар мен жалпы ережелер негізінде жұмыс істейтін ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің жиынтығы болып табылады. Біртұтас ақпараттық:

- тиісті ақпарат тасушыларда бекітілген деректер, мәліметтер мен білімдер жинақталган ақпараттык ресурстар;

- біртұтас ақпараттық кеңістіктің жұмыс істеуі мен дамуын, атап айтқанда ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды, таратуды, іздестіру мен беруді қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымдар;

- азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық өзара байланыс құралдары, атап айтқанда тиісті технологиялар негізінде ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар және ұйымдық-нормативтік құжаттар сияқты негізгі компоненттерден тұрады.

Технологиялық даму нәтижесінде «дүниежүзілік біртұтас ақпарат кеңістігі ақиқатқа айналды. Қазіргі таңда әлемнің дамыған елдерінің барлығы дерлік ақпараттық қоғам құру және оны дамыту жөніндегі өз саясатын айқындаған»[1. 2б]. Мәселен, 1993 жылы қабылданған «АҚШ әкімшілігінің Ұлттық ақпараттық инфрақұрылым саласындағы іс-жоспары» Б.Клинтон-А.Гор әкімшілігінің маңызды бастамасы болды. 1994 жылғы шілдеде Еуропалық қауымдастық комиссиясы «Ақпараттық қоғамға апаратын Еуропалық жол» жоспарын қабылдады. 1995 жылы Финляндия өзінің «Ақпараттық қоғамға апаратын фин жолы» бағдарламасын, 1997 ГФР үкіметі «Ақпараттық қоғамға апаратын Германия жолы»[1. 3б]. бағдарламасын қабылдады.

2000 жылдан бері қарай мемлекеттердің көпшілігінде осындай бағдарламалардың үшінші, тіпті, төртінші буыны жүзеге асырыла бастады. Ақпараттық қоғам құруға жәрдемдесетін бірқатар халықаралық ұйымдар құрылды. 2000 жылдың маусымында «Үлкен сегіздіктің» кездесуінде ғаламдық ақпараттық қоғамның Окинава хартиясы қабылданып, онда ақпараттық технологиялардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени қосымшаларын дамытуға жоғары саяси деңгейде басымдық берілді.

Ресейде 1999 жылы «Ресейде ақпараттық қоғам құру тұжырымдамасы» жасалды, кейіннен ақпараттық қоғам құру бағдарламасы  қабылданды. 2002 жылы РФ Үкіметі «Электронды Ресей» мақсатты бағдарламасын бекітті, ол елді ақпараттандыру жөніндегі бірқатар жобаларды жүзеге асыруды, атап айтқанда, демократияны дамытуға жағдай жасауды, экономиканың, мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін арттыруды көздейді.

Қазақстан Республикасының жаңа ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы ақпараттық саясатты ұтымды ұйымдастырумен, жаңа үрдістер мен тәжірибелерді өмірге батыл енгізумен тығыз байланысты. «Қазіргі таңда елімізде ақпараттық қоғамды қалыптастыру және дамыту жолдары нормативтік-құқықтық

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға