instagram.com/wf_rk

Қазақстандық зілтемірші Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

14.10.2022 11:26

Қазақстандық Арай Нұрлыбекова Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бахрейндегі Азия чемпионатында біздің құрама команданың қоржынына екінші күміс медальды Арай Нұрлыбекова әкелді. Әйелдер арасында 76 келіге дейінгі салмақта қазақстандық спортшы қыз 221 келіні (97+124) бағындырып, жекелеген жаттығуларда екі қола медаль жеңіп алды!» - делінген Федерациясының хабарламасында.