Қазақстандық теннисші Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты
01.09.2022 16:27
Фото:
ktf.kz
Қазақстандық Бейбіт Жукаев Таиландтағы челленджер жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Бейбіт екінші айналымда әлемнің 384-ракеткасы, жапониялық Сё Симабукуромен ойнады.
Қазақстандық теннисші 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Үш сетке жалғасқан матч 1 сағат 49 минутқа созылды. Осы мерзімде Бейбіт 18 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.
Б.Жукаев жартылай финалға шығу үшін монаколық Валентин Вашеромен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын , Александр Бубликтің үшінші айналымға шыға алмағанын жазған болатынбыз.

27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады