Жаңалықтар

Қазақстандықтардың басым бөлігі теледидарға сенеді

Internews in Kazakhstan деректерінің статистикасы жарияланды
Қазақстандықтардың басым бөлігі теледидарға сенеді
Фото: top-news.kz 28.06.2022 10:11 1187

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстандықтар үшін танымал әрі сенімді ақпарат көздері қайсы деген мәселеге келер болсақ, онда Internews in Kazakhstan деректерінің статистикасын мысал ретінде айтсақ болады. Қазақстандықтардың басым бөлігі теледидарға сенеді – 58,1 пайыз, екінші орында – интернет сайттар (34,3 пайыз). Бұқараның жартысынан көбі мемлекеттік медиаға сенеді – 51,4 пайыз, тек 9,6 пайызы жеке адамдарға сенеді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында министрлік БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамыту және арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

«2020 жылдан бастап ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл жоспар мемлекет пен медиа саласының жүйелі шешімдерін талап ететін БАҚ саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында әзірленді», - деді Асқар Омаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға