Қазақстандықтар «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға дайын – облыстық ұйғыр мәдени орталығының төрайымы
Қазақстандықтар Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын жүзеге асыруға дайын. Бұл жөнінде Алматы облысы облыстық ұйғыр мәдени орталығының төрайымы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Талдықорған қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Әсия Ахметова тілшімізге берген эксклюзивті сұхбатында айтып берді.

