Жаңалықтар

Қазақстандықтар 7,1 млрд теңге мүлік салығын төлемеген

Салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар биылғы шілде айында меншік иелеріне жіберілген болатын
Қазақстандықтар 7,1 млрд теңге мүлік салығын төлемеген
Фото: caspianlife.kz 15.09.2022 12:22 1610

Салық төлеу мерзімінің аяқталуына небәрі жарты ай қалса да, меншік иелерінің 37,5%-ы салық міндеттемесін әлі орындамаған, деп хабарлайды El.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Сонымен бірге бүгінгі күні шамамен 1,8 млн меншік иесі (немесе 37,5%) «2021 жыл» кезеңіне 7,1 млрд теңге сомасына мүлік салығын төлемеген.
Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 2 қазанынан бастап жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламаларды борышкерлерге жіберетінін еске салады.

1 айлық есептік көрсеткіштен астам берешек сомалары бойынша хабарлама табыс етілген соң, отыз жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі. Бұл салық бұйрығы 5 жұмыс күні өткеннен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін беріледі.

Бұл ретте, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа шоттарға тыйым салу және шығуға шектеу қоюдан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда, салық берешегі сомасының 25%-на дейінгі мөлшерде қосымша төлемді өндіріп алады. Осылайша, артық шығындар мен проблемаларды болдырмау үшін мүлік салығын уақытылы төлеуге кеңес береміз.

Салықты «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға