Жаңалықтар

Қазақстандық өндірушілерде Германия стандарттарын қолдану мүмкіндігі пайда болады

Кездесу барысында сарапшылар стандарттау саласындағы негізгі үдерістер бойынша ақпарат алмасты
Қазақстандық өндірушілерде Германия стандарттарын қолдану мүмкіндігі пайда болады
Фото: Қазақстанның стандарттау жөніндегі ұлттық органы 08.09.2022 17:35 1188

Қазақстандық өндірушілерде Германия стандарттарын қолдану мүмкіндігі пайда болады, деп хабарлайды El.kz.

ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарт Стандарттау жөніндегі ұлттық органының өкілдері стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша жалпыға танылған әлемдік көшбасшылардың бірі – Неміс стандарттау институтына (DIN) жұмыс сапарымен барды.

Кездесу барысында сарапшылар стандарттау саласындағы негізгі үдерістер бойынша ақпарат алмасты. Стандарттарды жоспарлау және әзірлеу, стандарттау процестерін цифрландыру мәселелерін талқылауға, сондай-ақ бүгінгі күні өзекті климаттың өзгеруімен жаһандық күрес шарттарында – «көміртекті бейтараптық» саласындағы қызметке басым назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша:

  • стандарттарды бірлесіп әзірлеу және қабылдау;
  • Германияның ұлттық стандарттарын қолдану жөніндегі лицензиялық келісімге қол қою (DIN);
  • оқудан және тағылымдамадан өту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

2022 жылғы 19-23 қыркүйекте Абу-Дабидегі жыл сайынғы ISO Ассамблеясында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарланған.

Неміс стандарттау жөніндегі ұлттық органы Қазақстанның стандарттау жөніндегі ұлттық органымен бірге, ортақ күшпен өнімнің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге, саудадағы техникалық кедергілерді жоюға жаңа, үлкен үлес қосуға дайын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға