Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстан теннисшілері мұндай жетістікке алғаш рет қол жеткізіп отыр.
Қазақстандық теннисші Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты
07.07.2022 08:12 1932

Ұлыбританияның ашық чемпионтаның 17-ракеткасы деп танылған Елена Рыбакина ширек финалда автралиялық теннисші Айла Томляновичпен кездесті, деп хабарлайды El.kz порталы.

Айла дүниежүзілік тізімде 44-орында тұрған спортшы.

Кездесу нәтижесі мынадай:

Бірінші партияда Айла Томлянович Елена Рыбакинаны 6:4 есебімен жеңді.

Екінші ойында Елена қарсыласын 6:2 есебімен жеңді.

Үшінші партияда да қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түсті.

Осылайша Е.Рыбакина карьерасында алғаш рет Уимблдонның жартылай финалына жолдама алды. Енді ол әлемнің 18-ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен ойнайды.

23 жастағы Елена Рыбакина Мәскеу қаласының тумасы. Ол 2018-жылдан бері әлемдік жарыстарға Қазақстан атынан қатысып келеді. Айта кетейік, Қазақстан теннисшілері мұндай жетістікке алғаш рет қол жеткізіп отыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға