Жаңалықтар

Қазақстандық тәжірибе Мысыр еліне үлгі болды

Мысыр да астанасын ауыстырмақ
15.03.2016 06:27 4258

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Тұрғын үй істері, коммуналдық шаруашылық және қалалық даму министрі Мұстафа Мадбули бастаған Мысыр Араб Республикасының делегациясымен кездесті. Шетелдік қонақтардың елордаға келудегі негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының елорданы ауыстыр тәжірибесін қабылдау.

Қазақстандық тәжірибе Мысыр еліне үлгі болды

Тура бір жыл бұрын министр М. Мадбули Шарм эш-Шейхте экономикалық даму және инвестициялар жөніндегі халықаралық конференцияда барша әлемге Каирден шығысқа қарай орналасқан Мысырдың жаңа астанасын салу туралы жоспарды таныстырған болатын. Қала халқының көптігі ел астанасын ауыстыруға септігін тигізіп отыр. Жаңа астана Каирдің жалғасы ретінде жаңадан салынады. Кездесуде Мысырда Тұрғын үй істері, коммуналдық шаруашылық және қалалық даму министрлігі мен Қорғаныс және әскери өнеркәсіп министрлігі елорданы ауыстыру бойынша уәкілетті органдар болып табылатыны атап өтілді.

Мысырдың Каир қаласы 

Мысырдың Тұрғын үй істері, коммуналдық шаруашылық және қалалық даму министрі аз уақыттың ішінде еуразиялық өңірдің орталығына айналған Қазақстан Республикасының астанасын ауыстыру тәжірибесі оларға үлгі екенін айтты.  

Қазақстандық тәжірибе Мысыр еліне үлгі болды 

«Екі ел арасында достық қарым-қатынас орнаған, Президентіміздің айтқанымен мұнда Астанамен танысу үшін келдік», – деді М.Мадбули. Шетелдік қонақ мысырлық тараптың елорданы ауыстырудың бастапқы кезеңінде осы процесстерді ұйымдастыруды басқарудың қалай өткеніне қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Қазақстандық тәжірибе Мысыр еліне үлгі болды 

Әділбек Жақсыбеков Қазақстанның жаңа елордасын салу туралы шешімді Мемлекет басшысы қабылдағанын жеткізді. Қайта құрылу кезінде қабылданған шешімге объективті экономикалық және басқа да факторлар да ықпал етті. Астана қысқа уақыттың ішінде экономикалық және әлеуметтік тұрақты, гүлденген демократиялық мемлекеттің заманауи Қазақстанның жаңа келбетіне айналуы жоспарланып, ол жүзеге асты.

 Қазақстандық тәжірибе Мысыр еліне үлгі болды

«Алғашқы күннен бастап құрылыстың жоғары қарқыны белгіленіп, алға бірқатар міндеттер қойылды. Бүгінде Астана ұлттық идеяның көрінісіне, Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірдің символына айналды», – деді қала басшысы. Бұл ретте ол елорданың өз тәжірибесімен қуана бөлісетінін атап өтті.

Шетелдік меймандар Астананың маңызды жерлерін аралап, жалғасып жатқан құрылыстың ауқымымен танысты.

Қазақстандық тәжірибе Мысыр еліне үлгі болды 

Мысыр Қорғаныс және әскери өнеркәсіп министрінің орынбасары, қарулы күштерді инженерлік басқарудың бастығы Камел Абдельхади Фараг Уазир Астанадан шабыт алғандарын айтты.

«Құрылыс саласында 38 жылға жуық уақыттан бері еңбек етіп келемін, сондықтан Астананы салуға жоғары білікті мамандар, құрылысшылар, сәулетшілер тартылғанын айта аламын. Бізбен бөліскелі отырған тәжірибелеріңізді жаңа астанамыздың құрылысында пайдаланатын боламыз»,- деді Мысыр Қорғаныс және әскери өнеркәсіп вице-министрі.

Ә. Жақсыбековтің атап өтуінше, Астананың қала құрылысы саясаты бірнеше кезеңнен тұрады, оларды жүзеге асыруға біртіндеп барша әлемнен үздік мамандар тартылды. Мысалы, қаланың Бас жоспарының  ядросын салған белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокаво.

Кездесу барысында қала қонақтары елорданың 18 жылдың ішіндегі даму үрдісімен танысып, құрылыс жоспарларын және индустриалды әлеуетті іске асыруды, абаттандыру, көгалдандыру және қаланың тыныс-тіршілігіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады. Алдағы уақытта өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне ерекше назар аударылды.

Мысыр министрі Астана қаласының әкімдігіне қонақжайлылығы мен Қазақстанның жас астанасының қалыптасуымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

Қазақстандық тәжірибе Мысыр еліне үлгі болды 

Кездесуден кейін мысырлық делегация «Астанабасжоспар» ҒЗЖИ болды. Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун шетелдік қонақтарды қаланың дамуымен егжей-тегжейлі таныстырды. Сондай-ақ, шетелдік қонақтар тіршілікті қамтамасыз ету мен ЭКСПО көрме кешенінің нысандарын тамашалайды.


Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға