Жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар АҚШ-қа сапар шекпек

12 қазақстандық боксшы мен жаттықтырушылар делегациясы АҚШ Мемлекеттік департаментінің демеушілігімен 12-26 наурыз аралығында АҚШ-қа сапар шекпек.
11.03.2016 09:40 4295

12 қазақстандық боксшы мен жаттықтырушылар делегациясы АҚШ Мемлекеттік департаментінің демеушілігімен 12-26 наурыз аралығында АҚШ-қа сапар шекпек. Басты мақсат —  бокс бағдарламаларымен және Мұхаммед Әли орталығымен танысу. Боксшылардың жетеуі – ұл, бесеуі қыз бала. Олар Қазақстанның әр түрлі аумақтарынан жиналған. Жас спортшылар мен жаттықтырушыларды түрлі жарыстарда көрсеткен жетістіктері үшін Қазақстандық бокс федерациясымен іріктеліп алынған.

Қазақстандық боксшылар АҚШ-қа сапар шекпек

Қатысушылар Вашингтон, Колумбия аймағы; Роквилл, Мэрилэнд; Нью-Йорк қаласы және Луисвилл, Кентуккидегі қауымдастықтардың спорттық білім беру бағдарламалары арқылы жастарға қандай мүмкіндіктер беретінін біліп қайтады. Сондай-ақ, олар Мұхаммед Әлидің туған жері Луисвилде Мұхаммед Әли орталығының оқу бағдарламасымен таныспақ. Әли орталығына барумен қатар, делегация Луисвилл қаласының әкімімен және спорт арқылы қоғамдық қызмет көрсетуге тартылған жастармен кездеседі деп жоспарлануда.

Арнайы боксшы қыздарға Вашингтон, Колумбия аймағында және Роквилл қаласы, Мэрилэнд штатында делегация қоғамдық спорт орталығына және «Sugar Ray Leonard» жаттығу орталығына барып қайтады. Нью-Йорк қаласында делегация АҚШ әйелдер бокс командасымен кездеседі.

Қазақстандық боксшылар АҚШ-қа сапар шекпек

Бағдарлама туралы елші Джордж Крол: «Қазақстандағы АҚШ уәкілдігі спортты дамытудың жастар үшін маңыздылығын мойындайды. Біз ерекше бокс дәстүрімен танымал Қазақстан Республикасының делегациясы АҚШ боксшылар мен жаттықтырушылармен кездесіп, жастармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісіп, бір-бірінен үйренуіне осындай мүмкіндік бергенімізді мақтан тұтамыз. Біз бұл бағдарлама бойынша серіктесіміз Қазақстандық бокс федерациясына құрметімізді білдіргіміз келеді. Сонымен қатар Американың ұлы чемпионының гуманистік құндылықтарын алға тартуда табанды еңбек етіп келе жатқан Мұхаммед Әли орталығына бізге үлкен қолдау көрсеткені үшін алғысымызды айтамыз,» - деді.

«Бұл бағдарламаға қатысқанымызға қуаныштымыз және АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Мохаммед Әли орталығына біздің жас боксшыларымызға АҚШ-тағы жас спортшылармен кездесіп, олардың спорт дәстүрлерімен және мәдениетімен танысуға берілген мүмкіндік үшін үлкен алғыс айтамыз, » - деп атап өтті Қазақстандық бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектенов. «Менің ойымша, әр жас боксшының арманы – атақты Мұхаммед Әлидің туған жерінде болып, ұлы спортшының рухы сіңген орталықты көру. Бұл бағдарлама ұзақ әрі пайдалы бірлестіктің, Қазақстан мен АҚШ боксшыларының жақын достастығының бастамасы болатынынына сенімдімін».

«Біз Қазақстан өкілдерін Мұхаммед Әлидің туған қаласында құшақ жая қарсы аламыз. Мұхамед Әлидің алты негізгі принципімен танысу үшін оларға берілген Мұхамед Әли орталығына келу мүмкіндігінің маңызы аса зор. Серіктестеріміз Қазақстандық бокс федерациясына, Алматы қаласындағы АҚШ Бас Консулдығына және осы делегациясының Луисвиллге келуіне көмек көрсеткен АҚШ Мемлекеттік департаментіне ризашылығымызды айтамыз,» - деді Мұхаммед Әли орталығының Президенті әрі Бас атқарушы директоры Дональд Лассер.

Қазақстандық боксшылар АҚШ-қа сапар шекпек

«Аталмыш бағдарлама АҚШ дипломатиялық уәкілдігінің АҚШ-Қазақстан қатынастарының 25 жылдық мерейтойын атап өту үшін Қазақстанда өткізетін жылдық науқанының бір бөлігі болып табылады», - деп хабарлады АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі. 


 Рустем ӘЛПИ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға