Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы халықаралық турнирде алтын жеңіп алды

Нұр-Сұлтанда Elorda Cup халықаралық турнирі өтіп жатыр
Қазақстандық боксшы  халықаралық турнирде алтын жеңіп алды
Фото: ашық дереккөз 04.07.2022 19:18 1405

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Нұр-Сұлтандағы Elorda Cup халықаралық турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Оралбай 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ақтық сында қытайлық Туохет Аербекпен жұдырықтасты. Айқаста Оралбай төрешілердің әртүрлі шешімімен 3:2 (28-29, 28-29, 29-28, 29-28, 29-28) жеңіске жетті. Осылайша, Нұрбек Оралбай Elorda Cup турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Нұрбек Оралбай - жастар арасында әлем чемпионы (2018 жыл).

Бұған дейін Елорда кубогында Қазақстан құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 кг дейін), Сәкен Бибосынов (51 кг дейін), Махмұд Сабырхан (54 кг дейін), Серік Теміржанов (57 кг дейін), Саматәлі Төлтаев (60 кг дейін) және Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг дейін), Абзал Серік (70 кг дейін) және Асланбек Шымбергенов (71 кг дейін) жүлдегер атанған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға