wfrk.kz

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атанды

14.06.2022 16:02

Ерасыл 67 келіге дейінгі салмақта үздік шығып, қоссайыс қорытындысында 281 келіні (123+158) бағындырды.

Түркиялық Алааддин Саин 278 келімен (121+157) екінші, поляк Бартош Бурски 269 келімен (116+153) үшінші орынға көтерілді.

Тағы бір қазақстандық Дарья Балабаюк 49 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруден қола медальға қол жеткізді. Дегенмен ол қоссайыс қорытындысында 152 келімен (69+83) төртінші орынға табан тіреді.