Жаңалықтар

Қазақстанда студенттер қандай жұмыста сұранысқа ие?

Көп студенттер оқумен сабақтастыруға келетін жұмыс іздейді.
07.09.2015 13:30 4326

Көп студенттер оқумен сабақтастыруға келетін жұмыс іздейді. Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің басын бір арнаға тоғыстыратын HeadHunter Қазақстан компаниясының маманы Лидия Стоялова profinance.kz порталына берген сұхбатында бүгінгі таңда жастарға қандай жұмыстар ұсынылатынын айтты.

Қазақстанда студенттер қандай жұмыста сұранысқа ие?

Қазақстанда студенттерге көбіне қандай жұмыстар ұсынылады?

Лидия Стоялова, HeadHunter Қазақстан компаниясының маманы:

Біздің орталықтың мамандары ағымдағы жылдың 1 мамыр – 31 шілде аралығында  hh.kz сайтына орналастырылған бос орындар туралы хабарламаларды зерттей келе, қызмет жолын енді бастаушыларға көбіне қандай жұмыстар ұсынылатын салаларды анықтады.

Соңғы 3 айдың ішінде «қызмет жолын бастаушылар мен студенттер» деген бөлімге 1 598 вакансия орналастырылған. Студенттерге арналған вакансиялардың 26,5% - сауда-саттық, 20% - маркетинг, жарнама, PR, 18,5% - әкімшілік қызметкерлер, 18,4% - туризм, қонақ үй мен мейрамхана бизнесі, 10,6% - «кеңес беру» салаларына арналған екен.

Жұмыс беруші компаниялардың 17,2% икемді жұмыс кестесін, ал 2,1% қашықтан жұмыс істеуді ұсынады. hh.kz сайтына орналастырылған вакансиялар бойынша, ең көп хабарламалар Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтау және Павлодар қалаларынан келіп түскен.

Студенттер қандай салада жұмыс істеуді қалайды?

«Қызмет жолын бастаушылар мен студенттер» бөліміне түйіндемелер жіберген жұмыс іздеушілердің 33,2% - сауда-саттық, 23% - «қаржы, банк, инвестиция», 20,7% - «әкімшілік қызметкер», 20,3% - «IT, интернет, мультимедиа», 18,8% - «кеңес беру» салаларын жазған.

Студенттерге ұсынылатын минималды және максималды жалақының көлемі қандай?

Қызмет жолын бастаушыларға Қазақстанда ұсынылатын жалақының орташа көрсеткіші 80 000 теңге. Ең аз жалақы 20 000 теңге тағылымдамадан өтушілерге ұсынылған. Ең жоғары жалақы 400 000 теңге шикізат табушыларға ұсынылып отыр.

Қазақстанда студенттер қандай жұмыста сұранысқа ие?

Жоғары курстың студенттері үшін ең дұрысы – өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу. Әрине, бұл теория бойынша. Ал, тәжірибе жүзінде қалай?

Қазақстан нарығында студенттермен, жас мамандармен белсенді жұмыс істейтін жұмыс берушілер бар. Олар жастарды өз ұйымдарында алдымен тәжірибеден өткізеді, оқытады, содан кейін тұрақты қызметке алады. Мысалы, HR-бренд Қазақстан 2015 сыйлығының номинанты ВТБ Банкі «Тәлімгерлік жүйесі» жобасын бастады. Оның мақсаты жоғары оқу орындарын бітірген студенттерді, сондай-ақ жоғары курстарда оқып жүрген бакалавр мен магитратурастуденттерін жұмысқа тарту, оларды жаңа қызмет орнына бейімдеу. Осы секілді  HR-бренд Қазақстан 2014 сыйлығының номинанттары Dynamics Tehnologies, Dentsu Aegis Network студенттерге арналған шеберлік сыныптары, оқыту жобаларын ұйымдастырады.

Жоғарыдаайтылғандардан шығатын қоырытынды, ақша жоқ, жұмыс жоқ деген құр сылтау. «Жұмыс істеймін» дейтіндерге әрдайым жұмыс табылады. Бастысы ол жұмыс сіздің жүрегіңізде жақын болсын. Сонда әр күніңіз құр уақыт өткізумен емес, сүйіткі шаруаңды атқарып, өмірдегі өз орныңды табуға жұмсалады.

Дария Жұмалиева

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға