Қазақстанда шағын несиенің пайызы төмендеуі мүмкін
22.07.2022 00:30
Қазақстанда шағын несие беру туралы шарт бойынша шекті сыйақыны бес пайызға төмендету ұсынылды, деп хабарлайды El.kz.
Ұлттық банк қаулысына енгізілетін өзгерістер жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
– Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру шарты бойынша сыйақының ең жоғары мөлшері берілген микрокредит сомасының 20 пайызы мөлшерінде белгіленсін, - делінген құжаттың салыстырмалы кестесінде.
Қаулының қазіргі редакциясына сәйкес, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген шағын несие беру шарты бойынша шекті мөлшерлеме 25 пайыз болып белгіленген.
Құжатта бұл бастама берілген шағын несиелер бойынша "қарыз алушылардың борыштық жүктемесін шектеу" мақсатында жасалғаны нақтыланған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

