Жаңалықтар

Қазақстанда пойыз вагондарының 46%-ы ескірген

Жолаушылар тасымалы қызметіне қатысты 1 мыңнан астам өтініш-арыз келіп түскен
Қазақстанда пойыз вагондарының 46%-ы ескірген
Фото: caspianlife.kz 30.06.2022 16:45 2798

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«Соңғы 10 жылда біз 1100-ден астам жолаушылар вагонын жаңарттық. Жолаушы вагондарының орташа тозуы - шамамен 46%. Биыл тағы 73 жолаушылар вагонын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, бизнесті, яғни жеке тасымалдаушыларды қолдау және ынталандыру мақсатында жолаушылар тасымалын субсидиялау, жолаушы вагондарын сатып алу кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау енгізілді. Қазіргі уақытта швейцариялық «Штадлер» компаниясымен еуропалық стандарт бойынша жолаушы вагондарын шығару мәселесі пысықталып жатыр», - деді Қасым Тілепов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2029 жылға дейін елімізде 530-дан астам вагон сатып алынады.

«Пойыздарға қатысты белгілі бір көлемде арыз-шағым барын білеміз. Сондықтан бүгінгі алаңға тасымалдаушы компаниялардың өкілдерін шақырдық. Соңғы 5 айда бізге 1000-нан астам өтініш, арыз келіп түсті. Әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, аталған 5 айда 200-ден астам вагон тексерілді, олардан 431 тәртіп бұзу фактісі анықталды. Нәтижесінде шамамен 32 млн теңге сомаға айыппұл салынды», - дейді ол.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға