Жаңалықтар

Қазақстанда онлайн-петиция институтын енгізу жобасы Астанада талқыға түседі

Онлайн-петиция институты жобасы
27.06.2016 06:34 2665

Шараға ҚР Парламентінің депутаттары, министрлер, мемлекеттік органдар өкілдері, сарапшылар, саясаттанушылар, демократияны дамыту және адам құқықтарын қорғау салаларындағы халықаралық ұйымдар өкілдері, тұжырымдаманы дайындаған заңгерлер т.б. қатысады.

Талқылауға жиналғандарға Жоба тұжырымдамасы таныстырылады. Тақырыпқа қатысты білікті сарапшылар пікір алмасып, жаңа бастамаға қатысты көзқарастарын білдідерді деп күтілуде. Қоғамдық талқылау арқылы мемлекет пен халық арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеретін тың әдістің ең тиімді механизмін жасақтауға қол жеткіземіз деп сенеміз. Әлемдік тәжірибеде аталмыш құрал билік пен халық арасын өзара байланыстырудың ұтымды тәсілі ретінде белгілі. Заңгерлерден құралған бастамашыл топ онлайн-петицияны енгізудің алдын-ала жобасын дайындады.

Қазақстанда онлайн-петиция институтын енгізу жобасы Астанада талқыға түседі

Ашық талқылау барысында Карин, Ерлан Тынымбайулы, Айдос Сарым сынды еліміздегі белгілі саясаттанушылармен бетпе-бет пікір алмасуға мүмкіндік бар. Қызығушылық танытқандар  көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өз көзқарастарын білдіре алады. Әрі ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаттары мен белді сарапшылардың пікірін тыңдауға мүмкіндігі бар.

Қазақстанда «Онлайн-петиция» институтын енгізу

«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы Қазақстан Республикасында ресми онлайн-петиция механизмін енгізу бастамасымен шығып отыр. Онлайн-петиция – бұл мемлекеттік билік органдарына жазбаша түрде ұжымдық өтініш жолдауға болатын қарапайым әрі тегін электронды құрал.

Шараның модераторы – Қазақстанда ресми онлайн-петиция институтын енгізу туралы бастама жасаушы, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы Кеңесінің Төрағасы Данат Жумин.

Жоба таныстырылымы  2016 жылғы  30 маусым күні Hilton Garden Inn Astanа ғимаратында сағат 10:30-да өтеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға