Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жұқтыру деңгейі 2,5 есе өсті

Стационарда емделіп жатқан пациенттердің 41,7%-ы – балалар
Қазақстанда коронавирус жұқтыру деңгейі 2,5 есе өсті
Фото: primeminister.kz 15.07.2022 13:30 1284

Қазақстанда өткен аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 2,5 есеге өсті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды El.kz

Министрдің айтуынша, тәулігіне коронавирустың  расталған  саны  (КВИ+) 1300 жағдайға  дейін тіркелуде.

«Сырқаттанудың   ең көп таралуы   еліміздің ең ірі мегаполистерінде  Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында  басталады. Соңғы аптада ауырған адамдардың 70%-ы Алматы (1107 жағдай немесе 43,2%-ы) және Нұр-Сұлтан (576 жағдай немесе 22,5%-ы) қалаларында. Сырқаттанушылықтың өсуіне қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі төмен. Қазіргі таңда республикада коронавирус бойынша стационарлық көмекті 139 жұқпалы аурулар ауруханасы көрсетеді, олардың  қуаты 3282 төсекті құрайды, қазіргі кезде 570 пациент емдеуге жатқызылды», - деді министр.

Стационарларда емделіп жатқан пациенттерге талдау жүргізілді. Коронавируспен  стационарда емделіп жатқан пациенттер ішінде 18 жасқа дейінгі балалар – 41,7%, оның ішінде 1 жасқа дейін – 23 бала. Ересек пациенттер  58,3%-ды құрады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға