Жаңалықтар

Қазақстанда кондитерлік өнімдер шығаратын компаниялар жеткілікті

Осы ретте кондитерлік өнімдер шығаратын компанияларға сериялы түрде тоқталып отыратын боламыз.
25.02.2015 12:39 26428

Дастарханымыз тәттісіз болмайды. Кәмпит, пішінәй, торт, бәліш. Осылай кете береді.  Мұның барлығы кондитерлік өнімдер. Оған сұраныс өте көп, ал сұранысқа лайықты жауап беретін, тұтынушылардың қажетін қамтамасыз ететін кондитерлік компаниялар қаншалықты бар?!

Қазақстанда кондитерлік өнімдер шығаратын компаниялар жеткілікті

«Қазалы кәмпиті»

Кәмпит десе, алдымен Қазалы есімізге түседі. «Қазалы кәмпиттерін» аузына салған адам дәмін ешқашан ұмытпайды. Жақында осы «Қазалы кәмпитіне» Нұрбек Қазбергенов есімді 27 жастағы жас кәсіпкер патент алып, одан әрмен шығаруға бел байлады.

Қазақстанда кондитерлік өнімдер шығаратын компаниялар жеткілікті

«Қазалыдан шығатын бұрынғы ащы кәмпитті ел сағынған екен. Күніне 300 кг шығарып тұратынбыз. Енді біз ащы кәмпит пен барбарис дәмді тәтті кәмпитті паттенттеп алдық. Біздің кәмпитіміздің қоспасындай дайындалған кәмпиттер көп. Бірақ жасырын дайындалады. Сондықтан паттенттеп алу арқылы заңсыз кәмпит шығарушылардың жолын кестік», – дейді «Н.Қазбергенов» жеке кәсіпкерлігінің директоры. Алдағы уақытта «Қазалы кәмпитіне» деген сұраныс арта түсуі мүмкін. Өйткені, заңсыз түрде шығарушылардың жұмысы тоқтаған соң, сапа мен саны арта түседі.

«Қарағанды конфеттері»

Кәмпит туралы айтқанда тек «Қазалы кәмпитіне» тоқталмаймыз. Тек Қазақстанға ғана емес, басқа да елдерге кеңінен танымал «Қарағанды конфеттері» АҚ-ы бар. Ресми сайтында айтылғандай, «Қарағанды Конфеттері» АҚ – Қазақстанда бүгінгі күнде тағам өнімдері өндірісінде алдағы кәсіпорындардың бірі. Фабрика кондитерлік өнімдердің 247 түрін шығарады. Фабрикада бір жылда – 12 000 тонна өнім шығарылады. Негізгі жұмысы 1956 жылы басталған фабрика келер жылы 60 жылдығын тойлайды.

Қазақстанда кондитерлік өнімдер шығаратын компаниялар жеткілікті

1996 жылдан бастап жаңа цехтар салынды. Жаңа техналогиямен шоколадты конфеттер өндiретiн жаңа шоколадты-бисквит цехы жұмыс iстейдi, бұнда «Лиса Алиса (Түлкі Алиса)», «Артемон», «Буратино», вафли, торттардың 10-нан астам түрлерi өндiрiледi.

«Пикник» үлпiлдек тәттiлерiн және «Хруст» чипсын үлкен ассортиментте шығаратын экструдер цехы ашылған. Қазiргi кезде цехта ертеңгiлiк құрғақ ас шығаратын қондырғылар iске қосылды, әр түрлi пiшiндегi, дәмдi және хош иiспен ерекшеленген дақыл өнiмдерiнiң түрлерiн кенейтуге жол бередi. Қазақстан бойынша бiр ғана көп қатпарлы батон шығаратын цех жұмыс iстейдi. «Пинг-Понг», «Гном», «Вампир», «Зиг-Заг», «Чемпион Йогурт(Йогурт Женімпаз)», «Чемпион Клубника(Құлпынай Женімпаз)», «Фламинго» конфеттерiн шығарады.

2003 жылдан бастап шокаладтар өндiретiн көлемдi жүйе жұмысын бастады. Фабриканың технологтарымен «Сердечко(Жүрек)», «Бутылочка(Бөтелке)» және «Курочка Ряба» конфеттерiнiң құрамы өңделдi.

«Рахат»

«Рахаттың» тәттілерінен дәм татпаған адам кемде-кем. Әрине, елімізде. «Рахат» акционерлік қоғамы – 70 жылдық тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі. Өнімін тек Қазақстанда ғана тұтынады десек, қате айтқанымыз. «Рахат» АҚ-нда 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған. 

Қазақстанда кондитерлік өнімдер шығаратын компаниялар жеткілікті

 «Рахат» АҚ сатылым географиясы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды, себебі компания 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесін жолға қойған. Қазіргі кезде «Рахат» АҚ өнімі Қазақстан нарығында ғана емес, республикадан шеткері аймақтарда – Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан аумағына да тараған. ТМД-ның басқа республикалары мен алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өнімдеріне деген қызығушылықтың болуына орай, компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда. 

«Баян Сұлу»

«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік өнімдерді жасап шығаратын Қазақстан Республикасының ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады.Бүгінде кәсіпорында 200-ден астам өнімдер жасап шығарылады.

Қазақстанда кондитерлік өнімдер шығаратын компаниялар жеткілікті

Фабриканың негізі 1974 жылдың желтоқсанында қаланған. Отыз жылдан асты өз тұтынушыларын ең тәтті және сапалы өніммен қамтамасыз етіп келеді. Кәсіпорын қарқынды түрде дамып келе жатқан үрдістермен бірге нық қадам басып келеді. Қазақстанның кондитерлік өнімдері нарығында көш бастап клее жатқан компанияның бүгінде бағындыра алмайтын белесі мен алмайтын асуы жоқ. Фабрика өндіру технологиясын жетілдірумен қатар қуаттылығын одан әрі арттырып келеді. «Баян Сұлу» АҚ-тың ұйымшыл ұйымы әрқашан заман талабына сай бәсекелестерден бір қадам алға жылжуға ұмытылып келеді.

«Ақсай»

Кондитерлік өнімдер шығаруда Алматыдағы «Ақсай» нан-тоқаш комбинатының алдына түсетіндер аз. «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты күніне 150 тоннадан астам өнім шығарып, 1000-нан аса жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. 

Қазақстанда кондитерлік өнімдер шығаратын компаниялар жеткілікті

Отандық өнім мен халықты жұмыспен қамтамасыз ету жағынан «Ақсай» комбинаты олжалы қызмет етіп отыр деуге болады. Ондағы өнімдер төмендегі топтарға бөлініп шығарылады: нандар, нан-бөлкелер, тоқаштар, ұн тәтті тағамдары және кептірілген өнімдер және олар екі жүзден астам атауларды құрайды. Диета нандары мен денсаулықты түзеуге арналған нандар сериясы ерекше назар тартады. Бұл өнімдер тамақтану рационын жұмсақ және нәтижелі үйлестіруге және ұзақ уақыт қолданғанда организмнің жалпы жағдайын жақсартуға көмектеседі.

P.S. Тәттілер шығарумен айналысатын компаниялардың бір парасын ғана атап өттік. Отандық өнімдерді қолдау мақсатында «Қазақстанда жасалған» акциясын жүзеге асыру идеясын алғаш рет үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Осы ретте кондитерлік өнімдер шығаратын компанияларға сериялы түрде тоқталып отыратын боламыз.


Әзірлеген: Досжан Мейірбек.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға