Жаңалықтар

Қазақстанда күнбағыс дәнін экспорттауға шектеу енгізіледі

Қазақстанда күнбағыс дәнін экспорттауға шектеу енгізіледі
Фото: ашық дереккөз 07.07.2022 20:00 2556

Биыл 30 қыркүйекке дейін Қазақстан аумағынан күнбағыс дәнін әкетуге квоталар енгізілуде. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстан аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 5 шілдедегі бұйрығымен күнбағыс дәндерін ел аумағынан әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі. Шектеулер 2022 жылғы 8 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін қолданыста болады. Бұл сандық шектеулер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі», - деп жазды ведомстводан.

Бұл ретте бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан аумағынан кедергісіз әкетуге жатады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға