Қазақстанда 2030 жылға қарай су тапшылығы 23,2 текше шақырымды құрауы мүмкін
Өзен ағысының көпжылдық динамикасы жергілікті және трансшекаралық ағындардың аз болуынан су ресурстарының азаюын көрсетеді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитетінің төраға орынбасары Досбол Бекмағамбетов айтты, деп хабарлайды El.kz
Оның айтуынша,су ресурстарының азаюы және халықтың, экономика мен экологияның қажеттіліктеріне суды пайдаланудың өсуі жағдайында Қазақстанда 2030 жылға қарай су ресурстарының тапшылығы 23,2 текше шақырымды құрауы мүмкін.«Егер 2000-шы жылдары орташа көпжылдық өзен ағысы 120 текше километр болса, қазіргі уақытта ол шамамен 102 текше километрді құрайды. Бұл климаттың өзгеруіне және антропогендік факторларға байланысты. 2030 жылға қарай өзен ағыны одан әрі 99,4 текше километрге дейін қысқаруы болжанып отыр. Қазіргі кезеңде су ресурстарының тапшылығы 17 текше километрден асады, ол су экожүйелерінің қажеттіліктері есебінен мәжбүрлі түрде жабылады», - дейді Досбол Бекмағамбетов.
«Бұл мәселе су ресурстарына қатысты жағдайдын өңірлер бойынша әр түрлі болғандығынан күрделенеді. Елдің шығыс өңірі су ресурстарымен неғұрлым қамтамасыз етілсе, ал орталық Қазақстан (Нұра-Сарысу бассейні) ең аз қамтамасыз етілген. Оңтүстік және Батыс өңірлер шектес елдерге неғұрлым тәуелді болып табылады. Сондықтан болжанып отырған су тапшылығы осы өңірлерге көбірек әсер етеді», - дейді Су ресурстар комитетінің төраға орынбасары.