Қазақстанда әкімдер үшін жаңа KPI енгізіледі
07.06.2022 11:50
47861
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет басшысының айтуынша, жастар практикасына, «алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысушылардың жалақысы артып, қатысу мерзімі ұзартылды. Биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 146 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.
Әлихан Смайылов Президенттің тапсырмасы бойынша биылдан бастап мемлекеттік органдар мен барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысының тиімділігі жаңа жұмыс орындарын құру бойынша KPI-ға қол жеткізу негізінде бағаланатынын атап өтті.«Биыл ұлттық жобаларды іске асыру аясында шамамен 270 мыңдай тұрақты жұмыс орны құрылуы тиіс. Бұл жоспар орындалуы керек», - деді Әлихан Смайылов.
Осыған орай Үкімет басшысы мынадай тапсырмалар берді.
- жобалар мен бағдарламаларды іске асыру есебінен тұрақты бос жұмыс орындарын көбейтуді қамтамасыз ету;
- жастармен және әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтармен жұмыс істеу үшін жұмыспен қамту орталықтарында «бір терезе» тәсілін қамтамасыз ету;
- цифрлық платформалар аясында жұмыс істейтін адамдарға әлеуметтік кепілдіктер беру үшін заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
- 25 маусымға дейін әкімдерді бағалау үшін әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда кемінде 100 жаңа жұмыс орны индикаторын белгілеп, жаңа жұмыс орындарын нақты есепке алу әдістемесін бекіту;
- субсидияланатын жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысушылардың кемінде 60%-ын тұрақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еңбек нарығында жастардың үлесі көбейеді
Келесі жаңалық
Ақмолада орыс қызы өзге ұлттарға қазақ тілін үйретіп жүр